Өмірзақ Шөкеев: Біз ең таза өңір болуымыз керек



 5d8b5656729bc.jpeg


«Біз ең таза өңір болуымыз керек. Осы бағытта жұмыс істейік». Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға арналған жиында осылай деді. Әкімнің айтуынша, алдағы уақытта өңірде «Ашық бюджеттік интерактивті картасы» жүзеге асып, мемлекеттік мекемелерде «Халықтық кеңсе» ашылмақ.


Өмірзақ Естайұлы мұндай мәліметті Жемқорлыққа қарсы күресті күшейту мәселесі талқыланған басқосуда айтты. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің өкілдері, аудан – қала әкімдері мен басқарма басшылары қатысқан жиында.  «Transparency International үкіметтік емес халықаралық ұйымы жүргізген зерттеу нәтижелері Қазақстанда жемқорлықпен күресте оң өзгерістердің қалыптасқанын көрсеткен. Бұл еліміздегі сыбайлас жемқорлықпен күреске қарсы бағытталған нәтижелі жүйелі жұмыстың бар екенін тағы да дәлелдейді. Тақырыптың өзектілігіне тоқталған аймақ басшысы маңызды мәселенің жеке бақылауында екенін айтты.


-Басшылықта отырған азаматтар бұл мәселені өз бақылауында ұстап, күнде қадағалап отыратын болсын. Сұрау сіздерден. Біз нағыз еңбекқор, таза ниетті жандар мекен еткен қоғамда өмір сүріп жатырмыз. Жемқорлықпен күресу үшін әркім өзі таза болуы керек. Оған жол бергендерге қатаң шара қолданатын боламын. Ашықтық – басты міндет, басты ұстаным. Осы тұста мемлекеттік мекемелер арасында «Ашық бюджеттік интерактивті картасы» жобасын да қолға алу керек», - деді облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев.


Облыс әкімдігі баспасөз қызметінің хабаралуынша, бұл жоба – бюджеттен бөлінетін қаражатты жариялау және бақылау, шағымдарды, пікірлерді жинау және ақпаратты талдауға арналған жалпыға қолжетімді сыртқы ресурстағы сервис. Сондай-ақ, Карта нақты уақыт режимінде әлеуметтік нысандарды салу, жөндеу және күтуге бөлінген бюджет қаражаты туралы толық мәліметті көрсетеді. Жемқорлықтың тамырын жойып, мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру, жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру – қоғамның өзекті мәселесі. Бұл тұста облыс әкімі өңірде атқарып жатқан жұмыстардың бірі – «Түркістан – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жұмысын атап өтті. Тиімділігін көрсеткен жоба аясында нәтижелі жиындар өткізіліп, мыңға жуық мемлекеттік қызметкерге, 8 мыңнан астам тұрғынға құқықтық кеңес берілген. 40 ауылдық округтерде ҚАУІПСІЗ АЙМАҚ бұрыштары ашылып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытында облыс көлемінде 1700-ге жуық шара ұйымдастырылған. «Саналы ұрпақ» жобалық кеңселері облыстағы 29 мемлекеттік және 19 жекеменшік колледжде ашылып, жұмыс жасауда. Полицияда фронт-офистер ашылып, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік және мемлекеттік мекемелерде сатушысыз өз-өзіне қызмет ету форматында 818 «Адалдық дүкендері» ашылды. «Түркістан қалалық емxанасы» пилоттық үлгіде Жобалық кеңсе іске қосылды. Алдағы жарты жылдықта барлық емхана мен ауруханалар автоматтандыру мен цифрландыру процессінен өтетін болады.


 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер