Түркістанда экспорт 67 пайызға өскен


Түркістан облысында биыл экспорттың көлемі  өскен. Өңірде экспортқа тауар шығарушыларды қолдауға қатысты көптеген іс-шаралар қолға алынуда. Мұндай мәліметті  өңірлік экспорттаушылардың аймақтық кеңесінде облыс әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев айтты.


Облыс әкімдігі баспасөз қызметі таратқан мәліметтерге қарағанда, өңір экспорты биылғы жылдың 7 айында 413,7 млн. АҚШ долларын құрады. Бұл көрсеткіш былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 67,2%-ға артқан. Экспорттың өсуі негізінен Өзбекстанға жеткізілім көлемінің артуымен негізделген.


Мейіржан Мырзалиевтың айтуынша, қазіргі уақытта фронт-офис облыстағы 49 белсенді экспорттаушы компанияға қолдау көрсетуде. «Ірі экспорттаушылар - аймақ экономикасының негізгі қозғаушы күші. Бірақ, сол маңызды кәсіп иелерінің айналым қаражаттарының жетіспеушілігімен, логистикаға тарифтің үнемі көтеріліп тұруымен және мемлекеттік қолдау туралы хабардар болмауымен байланысты бірқатар проблемалары бар. «Бүгін біз өзекті мәселелер мен оларды шешу жолдарын талқыладық. Мәселен, «Kazakh Export» АҚ көмегімен біз экспорттаушыларымызға экспорт алдындағы қаржыландыруды ұйымдастыра аламыз және импорттаушының төлем өтемеуінен сақтандырып, «КИРИ» АҚ көмегімен логистикалық шығындарды төлей аламыз», - деді Мейіржан Мырзалиев.


Жиынға қатысқан «Turkistan Invest» фронт-офисі және қаржы институттарының қызметкерлері өз тараптарынан мемлекеттік қолдау шаралары туралы сөз қозғап, «бір терезе» қағидасы аясында қолдау көрсету, жеңілдетілген қаржыландыру, сауда орнын іздеу және тағы да басқа мәселелерді талқыға салды.


 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер