Түлкібаста алма шаруашылығы қарыштап дамуда

Түлкібаста 356 гектар жерге алма бау егілді

Түлкібастың ауа-райы әсіресе алма шаруашылығын өркендетуге өте қолайлы. Ауа райы қоңыр салқын, алма-бау жеміс ағаштарын өсіруге өте қолайлы аймақ болып есептеледі. Кеңес одағы тұсында Түлкібас дәмі бал татитын «Апорт» алмасымен аты шыққан аудан болатын. Айта кетейік, жемісі ірі келетін апорттың біреуінің салмағы 500-600 грамға дейін жетеді. Түсі алқызыл болып келетін бұл сұрып қыркүйек айында піседі, қаңтар-ақпан айларына дейін сақтауға болады. Тәуелсіздік алған жылдары алма баулар біртіндеп жойылып, жоқ болып кеткен болатын. Соңғы жылдары сол алма бауларды қайта қалпына келтіру, алманы Түлкібастың бренді ету мақсатында көптеген шаруалар атқарылып жатыр.

Мәселен, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту аясында ауданда өткен жылдан бері 24 ауыл шаруашылығы кооперативі құрылған. Сондай-ақ, Түлкібастың брэнді болып саналатын алма бау шаруашылығы жылдам қарқынмен дамып келеді. Биыл ауданда жеміс-жидектің көлемі 3335 гектарды құрап отыр.

Мемлекетік бағдарламаға сәйкес, 2001-2019 жылдар аралығында отырғызылған алма бау көлемі 2578 гектарға жеткізілсе, 2018 жылы аудан көлемінде рекордтық өнім 25 мың 150 тонна алма өндірілген.. Жиналған өнімнің бір бөлігі аудан көлемінде жұмыс атқарып тұрған жалпы сыйымдылығы 8,9 мың тоннаны құрайтын 6 жеміс-жидек және көкөніс сақтайтын қоймаларды сақталып, республикамыздың барлық жерлеріне экологиялық тұрғыдан таза өнім сатылып, Түлкібас жемістері көпшіліктің оң бағасына ие болды. Түлкібас ауданының агроөнеркәсіп кешенін дамытудың аймақтық бағдарламасына сәйкес, 2022 жылы бау көлемін 4487 гектарға жеткізіліп, оның ішінде қарқынды бау-1000 гектар, өндірілетін өнім көлемін жылына 60-65 мың тоннаға жеткізу жоспарланып отыр. 2019 жылы 250 гектар жерге, оның 50 гектары – қарқынды бау отырғызу жоспары толық орындалса, биылғы жылы өңірдегі алма бауының аумағын 100 гектарға дейін кеңейту жоспарланы отыр.

2020 жылы 100 га жерге алма отырғызу жоспарланса, бүгінгі таңда 78 га жерге алма бауы отырғызылып, тиісті күтім жасалып жатыр. Жалпы биылғы жылға жоспарлаған 100 гектар алма баудың 50 гектары қарқынды бау болмақ. Сондай-ақ, алма өнімін қыс мезгілінде сақтау мақсатында ауданда бүгінгі таңда 6 қойма жұмыс істеуде. Жалпы қоймалардың сиымдылығы 8900 тоннаны құрап отыр.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер