Түлкібаста кәсіпкерлік жанданып жатыр

image.png

Түлкібас ауданының алға ілгерілеуіне үлкен септігін тигізетін бірден-бір сала - кәсіпкерлік саласы. Кәсіпкерлік саласының ауданда кең қанат жаюы экономикалық-әлеуметтік дамуды жоғарылатып, тұрғындардың жұмыспен қамтамасыз етілуіне мейлінше ықпал етері сөзсіз. Қазірдің өзінде аудан бойын ша кәсіпкерлік саласында тындырымды тірліктер көп.

Кәсіпкерлік ел дамуына салмақты үлес қосатын күшке айналғанда ел экономикасының өркендейтіні анық. Яғни, бұл саладан түскен табыс та қомақты, жұмыспен қамтылушылар саны да біршама жоғары. Бүгінде елімізде кәсіпкерліктің тынысын кеңейту бағытында түрлі бағдарлама қабылданып, тиімді жобалар жүзеге асырылып жатыр. Яғни, бұл бағдарламалардың шарапатын Түлкібас ауданының тұрғындары көруде. Биылғы жылы Түлкібас ауданында шағын және орта кәсіпкерлік саласында тәуекелге бел буып, өз ісін ашып жатқандар саны артқан. Осы кезекте Тастұмсық ауылдық округіне жұмыс сапары барысында аудан басшысы әлеуметтік маңызы бар нысандармен қатар жеке кәсіппен шұғылданып жатқан шаруалардын да жұмысымен танысты.Бірінші кезекте аудан әкімі Нұрлан Мархабатұлы Тастұмсық ауылдық округіне сапарын «Нұр бала» балабақшасынан бастады. Карантин режиміне байланысты уақытша жұмысы тоқтап тұрған 75 орындық балабақшада 19 қызметкер жұмыс атқарады. Ал тәрбиеленушілер саны 75 бала. Әр топ ойын, жатын бөлмелері, тамақ тарату бұрышымен қамтылған. Балабақшада асхана, музыка залы, спорт залы, ойын алаңдары талапқа сай орналастырылған. Бала санының артуына байланысты алдағы уақытта балабақша жанынан қосымша 75 балаға есептелген ғимарат соғу жоспарлануда. Бұл дегеніміз ауданда шағын кәсіпкерлікті дамыту бағытындағы жұмыстардың дұрыс жолға қойылғандығының бірден-бір дәлелі.

Тиімді нарықтық экономиканы құруда шағын және орта бизнестің ойнайтын рөлі ауыз толтырып айтарлықтай. Әсіресе оңтүстіктің тұрғындары үшін шағын мал, егін шаруашылықтарымен айналысу аса қолайлы. Аудана әкімі бүгінгі күні  үй іргелік мал бордақылау алаңын ашқан Жыланды елдімекеніндегі «Хабет» шаруа қожалығының жұмысымен танысты.

Шаруа қожалығының басшысы 2019 жылы ауылшаруашылығын қолдау қоры арқылы 4 млн. теңге несие алған. Ал бүгінгі күні 20 бас ірі қара малды бордақылауды бастап, өз кәсібін дөңгелетіп отыр. Шаруа қожалықтың төрағасы Ахметов Зейнулланың айтуынша бүгінгі таңда 8 ірі қарасын сатып, қаржысына алған несиенің жартысына жуығын өтеп үлгерген. Мал бордақылау кәсібін өрістеткен кәсіпкер бұл істің қыр-сырын меңгеру үшін бірталай еңбек еткен. Оның үстіне кәсіпкер мал бордақылау, оны өсіру, семіртудің де оңай шаруа емес екенін, асқан шыдамдылық пен қажырлы еңбек, табандылықтың арқасы екендігін мойындайды.

Шаруа алдағы уақытта мал санын 40-50 басқа көбейту мақсатында тағыда несие алатынын жеткізді. Тиісінше аудан әкімі де кәсіпкердің бұл жоспарын құптарлық іс екенін айтып, жоспарының жергілікті билік тарапынан да қолдау көретінін жеткізді.

Сондай-ақ, бүгінгі Тастұмсық ауылдық округіне сапары барысында аудан әкімі Жыланды ауылындағы О.Кошевой атындағы жалпы орта мектебінің қосымша ғимарат құрылысының жұмысымен танысты. Елді мекенде бала санының артуына орай соғылып жатқан бұл нысанның құрылыс жұмыстары бүгінгі таңда 70 пайызға жетіп отыр.

Халықты жұмыспен қамту мә­се­лесі қашанда өзекті проблема. Осы орайда аудан аймағындағы кәсіпкерлік төңірегіндегі атқарылып отырған тірліктер де көңіл толтырарлық.



Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер