Түлкібаста төтенше жағдай кезінде азық-түлік обьектілеріне мониторинг жүргізілді

image.png

Түлкібас ауданына сауда объектісіне бару және жоспардан тыс тексеру жүргізу жолымен бағаларды мемлекеттік бақылауды жүргізу құзыретіне кіретін құрылымдық бөлімшені айқындау туралы аудан әкімінің бекіткен №70 өкіміне сәйкес, ағымдағы жылдың 9 сәуір күні барлық сауда объектілеріне қоғамдық бақылау жұмыстары жүргізілді. Облыс әкімдігінің 9 тауар түріне белгіленген шекті мәнінен бағаны асырмау бойынша, аудан кәсіпкерлерімен түсіндірме жұмыстары жүргізілген. Алайда қарақұмық бағасы Шымкент қаласындағы "Акбар" орталық базарынан көтерме бағасы 340 теңгеден сатып алынуда. Осыған орай қарақұмық бағасын шекті мәннен асырмай сату мүмкіншілігі болмаған. Сонымен қатар, облыс әкімдігінен берілген жадынама барлық азық-түлік дүкендеріне орнатылып, ведомстьқа қол қойылған. Тауар бағасын шекті мәнінен асырған 48 саудагерге 48 нұсқама таратылып, 6 ескерту беріліп, жалпы 267 сауда нысан басшыларына хабарланған.

Ағымдағы жылдың 08 және 09 мамыры күндері аудан әкімінің орынбасары Б.Ахметовтың төрағалығымен Майлыкент а/о, Түлкібас және Састөбе кенттеріне қарасты азық-түлік дүкендерінде ӘМАТ тауарларының бағаларына тексеру жұмыстарын жүргізген. Барлық азық-түлік дүкендерінің басшыларына Түркістан облысына бекітілген 9 тауардың шекті мәні таныстырылып, тауар бағасын ретсіз көтермеу жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілген және бағаны ретсіз көтерген жағдайда Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық» Кодексінің 202 бабы бойынша 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынаты жөнінде ескертілген. Тексеру барысында тауар бағасын ретсіз көтеру фактілері және тауар тапшылығы анықталмаған.

Сонымен қатар, бірінші сұрыпты ұннан пісірілген нан бағасын тұрақтандыру мақсатында ағымдағы жылдың 30 наурызы күні Аудан әкімінің орынбасары Б.Ахметовтың төрағалығымен аудан әкімдігінің ғимаратында, Түлкібас ауданына қарасты барлық наубайханашыларымен мәжіліс өткізілген. Мәжіліс нәтижесінде нан бағасы наубайханалардан көтерме бағамен 70 теңге, азық-түлік дүкендерінде сатылу бағасы 75 теңге болып, бекітіліп, барлық наубайханашылармен келісілген. Жалпы аудан наубайханаларында нанның көтерме бағасы 65-70 теңге және сауда объектілерінде 75 теңгеден сатылуда. Күнделікті мониторинг нәтижесінің мәліметтерін Түркістан облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасына мен Түркістан облыстық инновациялық даму басқармасына жолдап отыр. Төтенше жағдай кезіндегі жұмыс барысымен таныстырған аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Раимбеков Мұқағали Тулебекович. Бақылау жалғасады.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер