Түлкібаста су тасқыны қауіпі жоқ

97244261_1318788261844796_855051984892329984_n.jpg

Естеріңізге сала кетсек Түркістан облысында жауған нөсер жауынның салдарынан бірнеше елдімекендер мен ауылдық округтер зардап шеккен болатын. 

Биылғы жылы көктем мезгілі Түркістан облысына ерекше қыр көрсетуде.

Бұған дейін Мақтаарал ауданын су басса, күні кеше Төле мен Қазығұрт аудандарына қарасты елдімекендерді су басуда. Төтенше жағдай басқармасы адамдарға дүрбелең жасамай, нақты ақпаратқа сенуге шақырады. Аудандардағы төтенше жағдайға орай шұғыл штабтар тәулік бойы жұмыс жасауда.

Бүгін аудан әкімі Нұрлан Байғұт  аудан аумағындағы су тасқыны қауіпі бар өзен бойлары мен арық-атыздарды аралады.
Екі күн тоқтаусыз жауған жаңбыр ешқандай елді мекенге зардабын тигізген жоқ.

Су тасқыны қауіпі бар деген аймақтарды аралаған аудан басшысы ауылдық округ әкімдеріне қауіпсіздік шараларын күшейту мақсатында нақты тапсырмаларды жүктеді. Нақты айтар болсақ, Арыс өзені жағалауындағы қауіпті аумақтарға карьерден белгілі көлемде тас алып келіп төсеуді және арық-атыздардағы көлемі кіші құбырларды екі тәуліктің ішінде ауыстыруды тапсырды.
Сонымен қатар, төтенше жағдай қауіпі сейілгенше қауіпті аймақ маңында қажетті техникалар сақадай сай дайын болуы қажет екенің айтты.



Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер