Түлкібаста төтенше жағдайға байланысты штаб отырысы өтті

97337812_1318518631871759_3929213516069732352_n.jpg

Бүгін аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында аудан әкімі Н.Байғұттың төрағалығымен аудандық төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету штабының отырысы өтті.
Штаб отырысына жауапты мекеме басшылары қатысты. Ал, ауылдық округ, кент әкімдері ВКС құрылғысы арқылы онлайн режимінде қатысып отырды.

"Өздеріңізге мәлім соңғы тәулікте облыс аумағында толлассыз жауған нөсер жауынның салдарынан біршама аудандарда су тасқыны орын алуда. Осыны ескере отырып, алдын алу шараларын пысықтап, әр жауапты мекеменің төтенше жағдайдағы іс әрекет алгаритімін нақтылау мақсатында бас қосып отырмыз. Барлық жауапты мекемелер төтенше жағдай қауіпі сейілгенше жұмысын күшейтілген режимде жүргізулері қажет", - деді аудан әкімі.

Және тәулігіне 24 сағат кезекшілік ұйымдастыру керек - екенің айтып, Казсушар мекемесінің маманына аудан аумағындағы арық-атыздар мен каналдардың қауіпті аймақтарын уақытша техника күшімен жабуды тапсырды. Сондай-ақ, тиісті мекемелердің техникалары сақадай сай дайын тұруын тапсырды.

Естеріңізге салсақ, толассыз жаңбыр салдарынан Түркістан облысындағы үш ауылды су басуда. Осындай жағдайды болдырмау мақсатында ауданда жедел штаб құрылып қауіпсіздік шараларымен айналысуда



Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер