Су тасқынын болдырмау шаралары қарастырылуда

96591679_1318080385248917_1911436673523122176_o.jpg

Түлкібас ауданы Түркістан облысында болып жатқан жауын салдарларынан аман. Десе де бүгінде аудан аумағында сақтық шараларын ұйымдастыру басты назарда. Осыған орай аудан әкімі Нұрлан Байғұт алдын алу шараларына байланысты бірқатар тапсырмалар берді.

Ауа райының болжамына сәйкес аудан аумағында ағымдағы жылдың 13-14 мамыр күндері нɵсерлi жауын-шашынның жаууы күтілуде. Салдарынан өзен, су қоймаларында су деңгейінің көтерілу қауіпі жоғары. Осыған орай, аудандағы су тасқыны мəселесiнiң алдын-алу мақсатында аудан әкімі Н.Байғұт жалпы жағдайды зерделеп, ɵзен су арналарын, каналдар мен арық-атыздарды тазалау жұмыстарын тұрақты бақылауда ұстау жɵнiнде жауапты орынбасарына, ТЖБ басшылығына, бɵлiм басшылары мен ауыл əкiмдерiне және тиiстi сала мамандарына нақты тапсырмалар берді.

Естеріңізге салсақ, жауған жауын салдарынан өзендер арнасынан асты. Төлеби, Қазығұрт, Сайрам, Ордабасы және Бәйдібек ауландарында жүздеген үйге су кіріп, табиғат апаты орын алды. 

Тасқынның шеті Шымкент қаласына да жеткен. Ағыстың қаттылығы сонша - ауыл арасындағы көпірлер қирап, асфальт опырылып жатыр. Биліктің мәліметінде "Бәйдібек, Қазығұрт және Төлеби аудандарында 522 үй ауласы мен 4 үйді су басып, 258 адам эвакуцияланғаны" айтылған. Екі күн толассыз жауған жауын бейсенбі күні түстен кейін саябырлады. Бірақ алдағы күндері тағы да нөсер жауатын болса, су қайта тасуы мүмкін деп қауіптенеді жергілікті тұрғындар.



Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер