Бау егуге қызығушылар қатары көбейді

БАУ ЕГУ ІСІ ҚОЛҒА АЛЫНДЫ | Әсет Әссанди

Бүгінгі таңда Оңтүстік өңіріндегі алманың отаны саналатын Түлкібас ауданында қарапайым тұрғындар тарапынан алма бау егуге қызығушылық танытқандар қатары жыл санап артып келеді. Солардың бірі «Нұрбақыт» шаруа қожалығының төрағасы Өтеев Талғат. Былтыр алма бау егуді бастаған шаруа бүгінгі таңда бау көлемін 14 гектарға жеткізіп отыр.

2019 жылы өз қаржысына 2 гектар жерге алма бау егіп бастаған шаруа, биыл мемлекет тарапынан қолдау тауып «қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында 11 млн.теңге жеңілдетілген несие алып, қосымша 12 гектар жерге алма бау көлемін ұлғайтып отыр. Қожалық төрағасы алған қаржыға 12 гектар жерге «Голден Делишес» және «Старклимсон»  сорттарынан алма бау отырғызып, тамшылатып суғару жүйесін енгізген. Алдағы уақытта шаруа қожалық төрағасы осымен тоқтап қалмай, алма бау көлемін ұлғайтуды жоспарлап отыр.
Талғат  Өтеев- Жеке кәсіпкер
Бүгінде Түлкібас ауданында «қарапайым заттар экономикасы» салаларын дамытуға аудан әкімдігі тарапынан ерекше көңіл бөлініп жатыр. Бұл – күнделікті қолданатын тауарлар мен қызметтер. Олардың қатарында тоқыма өнімдері мен жиһаз, азық-түлік өнімдері өндірісі және басқа да тауарлар бар.
Аталған бағытты дамытудың қажеттігі туралы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Назарбаев та «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауында және Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев «Cындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» халыққа арнаған  Жолдауында атап өткен болатын.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер