Қазығұрт: Тұрғындар карантин режимі жайлы ақпараттандырылып отыр

image.png

Өмірзақ Шөкеевтің Түркістан облысы аумағында пандемиямен күрес жұмыстарын күшейту тапсырмасына сәйкес Қазығұрт ауданында COVID-19  вирусына қарсыіс-шаралар атқарылуда .

Қазығұрт ауданында 16 жылжымалы дыбыс күшейткіш қондырғылары бар автокөлік, 37 тұрақты (мешіт, мәдениет үйлеріндегі) дыбыс күшейткіш арқылы «Түркістан облысының аумағында шектеу іс-шараларын және карантинді ұзарту туралы» Түркістан облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің №23, №24, №25 қаулыларымен белгіленген карантин режимі және шектеу іс - шаралары туралы тұрғындарға хабарланған.  Аудан аумағында жұмысын қайта бастаған объектілер Қазақсан Республикасының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларында белгіленген сауда объектілерінің жұмыс режимі туралы арнайы жаднама әзірленіп, 400 сауда объектілеріне ескерту таратылды.

Маусым-шілде айларында ақпараттық түсіндіру жұмыстарына аудандағы мекемелердің фейсбук әлеуметтік желісі арқылы карантин режимі, дизинфекциялау, залалсыздандыру жұмыстары туралы жалпы 164 мақала жарияланған.  Аудандық БАҚ құралдары арқылы пандемияға қатысты 28 мақала жарияланған.

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны - 51 059, жазылып шықты - 16 928, қайтыс болды - 264 адам.

Елімізде бір тәулікте коронавирус инфекциясы тағы 1376 адамнан анықталды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер