Қазығұрт: Карантин режимін бұзғандарға шара қолданылуда

image.png

Өмірзақ Шөкеевтің Түркістан облысы аумағында пандемиямен күрес жұмыстарын күшейту тапсырмасына сәйкес Қазығұрт ауданында COVID-19  вирусына қарсы іс-шаралар атқарылуда .

Қазығұрт ауданы Қазығұрт ауыл округі аумағында мобильдік топпен Түркістан облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысын талаптарын бұзған 4 нысан анықталды.  Нысан иелеріне әкімшілік іс қозғалып ҚР ӘҚБтК – нің 462 бабының 3 бөлігімен 4 хаттама толтырылып, сотқа жолданды. Мобильдік топпен 17 құқықбұзушылық анықталып, әкімшілік шара қолдану үшін Қазығұрт аудандық товарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды.

Қазығұрт аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы мониторингтік топтың елді мекендердегі қайта қызметін бастаған нысандардың карантин және шектеу шаралары кезіндегі санитарлық – эпидемиологиялық талаптардың сақтауына тексеруге шығуының апта сайынғы кестесі бекітіліп, бақылау күшейтілді.

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны - 51 059, жазылып шықты - 16 928, қайтыс болды - 264 адам.

Елімізде бір тәулікте коронавирус инфекциясы тағы 1376 адамнан анықталды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер