Сарыағаш: Облыстағы ең үлкен қарқынды бау осында

image.png

Сарыағаш бірінші шипажайымен белгілі болса, одан соң оны елге мәшһүр еткен бау-бақшасы. Бұл жақтың тек табиғаты ғана емес, халқы да егін, бау тіршілігіне жақын келеді. Жыл он екі ай ауданда бау бақша өнімдерінің қызу саудасы болып жатады. Еліміздің дәл осы өңірінен пісіп шығатын қауын-қарбыздар да ауданның жетістіктерінің бірі ғана. 

Қазір бұған тамшылатып суғару арқылы өнім өсіретін қарқынды баулар қосылған. Соның бірі- Ақжар ауылындағы «Агорфуд Қазақстан» ЖШС. 2017 жылы қолға алынған бұл шаруашылықта жалпы 195 гектар жерге бау егілген.

Ақжар елді мекенінде орналасқан бұл бау - облыстағы ең үлкен қарқынды бау болып есептеледі. Мұнда  92 гектарға алма, 70 гектарға шабдалы және 22 гектарға шие және 13 гектарға алқоры егілген.   Қазір жемістердің  ерте пісетін сорттары теріліп, жиналуда. Дайын өнімдер бүгінде өзіміздің ел аумағынан бөлек ресей мемлекеттеріне жөнелтілуде.

 «Елде болса ерінге тиеді» дегендей, ауылдағы бір ғана осы қарқынды баудан ауылдың  170 – тен астам тұрғыны жұмыспен қамтылып, нәпақа табуда. Оның ішінде 50 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.  Бұл- ауыл үшін де, тұрғындар үшін де үлкен көмек әрі мақтаныш.

Аумағы ат шыптырым келетін баудың ішінде жыл он екі ай жұмыс толастамайды,- дейді мамандар. Өйткені, өнімдер толық жиналып алынған соң да бауды күтіп – баптау жұмыстары  жүргізіледі. Өз кезегінде бұл жергілікті көптеген тұрғындардың тұрақты жұмыспен қамтылуына мүмкіндік беріп отыр.  Алдағы уақытта  мұндай көрсеткіштер әлі де еселене түспек.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер