Бәйдібек: Жер учаскелері мақсатты пайдалануға беріледі

image.png

Түркістан облысына қарасты Бәйдібек ауданында ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу мақсатына уақытша жер пайдалану құқығына конкурс басталды. Байқау өткен жылы да өткен болатын, онда 351 лот ойнатылды. Лоттар арасында алаңы барлығы 46 621 га, оның ішінде 7700 га егістік алаңына, 2130 га суару және 36790 га жайылым жер учаскесіне конкурс өткізілді.

Нәтиже көрсеткендей мұндай конкурс аса тиімді болып шықты.

Бәйдібек ауданы мәслихатының сессиясында жер комиссиясының құрамы бекітіліп, комиссияның орта шешіміне сәйкес ойнатылған 351 лоттың иелері анықталған болатын. Солардың ішінде "Ерсұлтан-Агро", "Райымбек", "Көбей-Агро" және "Толықбек" пен "АсқарТау" секілді ірі шаруалар конкурстан ұтқан жер телімдерін мақсатты түрде пайдалануда. Бірі егінін, жем-шөбін егіп, енді бірі бау-бақшаға айналдырған. Үстіміздегі жылы тағы да 30 мыңға жуық гектар жер телімдеріне конкурс өткізілу жоспарлануда. Бұл да шаруалардың игеріп отырған жерлерін ұлғайтуға немесе басқа да шаруалар кәсіптерін дөңгелетуге үлкен септігін тигізеді.

Өткен жылы өткізілген конкурстан 967 гектар жер телімін ұтып алған "Райымбек" шаруа қожалығы жұмысын 2000 жылдан бастап, бүгінде егін және мал шаруашылығымен айналысып келеді. Шаруашылығында қазір 2500 бас қой, 300 жылқы және 100-ге тарта ірі қара бар. Алайда, жайылымдық жердің жетіспеуіне байланысты алда өтетін конкурсқа тағы түспек ниеті бар.

Жалпы, Бәйдібек аудандық жер қатынастар бөлімі аудандағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы игерілмеген жерлерді қайтарумен де айналысып келеді. Қазіргі таңда 174 жер пайдаланушы 56461 гектар жер телімі игерілмей отырғандығы анықталған. Сол мақсатта осы бөлім жер пайдаланушыларға қатаң түрде ескерту жасаған болатын. Нәтижесінде, бірқатар шаруашылықтар жерлерін қайта игеруге кірісіп кетті.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер