Ордабасыда 4 мониторингтік топ жұмыс істейді

image.png

Ордабасы ауданында коронавирусқа қарсы түсіндірме жұмыстары мен бағаны бақылауда ұстау жұмыстары бүгінге дейін жалғасып келеді. Ауданда құрылған арнайы 4 мониторингтік топ жүйелі түрде ауданда барлау жұмыстарын жүргізіп жүр.

Сол мобильді топ мүшелері Ордабасы ауданына қарасты Қажымұхан, Қараспан секілді бірқатар ауыл округінде орналасқан сауда нүктелері, азық-түлік дүкені, базар және бөлшек сауда орындарындағы санитарлық-эпидемиологиялық ережелердің сақталуына монторинг жүргізіп, бірнеше күнге созылатын карантин шектеулері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Сондай-ақ, коронавирус инфекциясын жұқтырмас үшін санитарлық қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырып, бетперде тағу, санитарлық-гигиеналық тазалық ұстау және әлеуметтік қашықтықты сақтау қажеттілігін ескертіп келеді. Сонымен қатар, Бас санитар жариялаған қаулыда көрсетілген шектеулерге байланысты жабылатын кәсіпкерлік нысандарға түсіндіру жұмыстарын жүргізе отырып, қайта ашып жұмыс жасайтын жағдайда айыппұл салынатынынан хабардар еткен.

Естеріңізге сала кетейік, Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, әлемді жайлаған короновирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында карантин режимін тағы екі аптаға созуды тапсырған болатын.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер