Шардара: Әкім ауылдастардың тіршілігімен танысып қайтты

image.png

Шардара ауданының әкімі Қайрат Жолдыбай ауданға қарасты ауылдық округтерге іс-сапар жасады. Іс-сапар барысында әкім ол жерлердің тыныс тіршілігімен танысып округ әкімдеріне нақты тапсырмалар берді. Атап айтар болсақ Достық, Ақшеңгелді, Қызылқұм, Сүткент ауылдарында болып, тұрғындармен кездесу ұйымдастырды.

Ауданда түйе шаруашылығына ерекше көңіл бөлінген. Сол себепті аудан әкімі алғаш болып «Голден кэмел» Лтд түйе сүтін жинау шағын цехымен танысты. Сондай-ақ мал шаруашылығын дамыту мақсатында Достық ауылының тұрғындары мемлекеттік бағдарлама бойынша жеңілдетілген несие алып, түйе шаруашылығын өркендетіп келеді. 

Сонымен қатар аудан басшысы ауылдағы мектептің жөндеу жұмыстарымен танысып,  мердігерге қате кемшіліктерді түзетуді тапсырды. Әкім сапары Ақшеңгелді, Қызылқұм, Сүткент ауылдарына жалғасты. Ауылдардағы көгілдір отын ауыз су мен жайылым жерлер секілді өзекті мәселелердің түйінін тарқатты. Осы тамыз айында бес ауылдық округтерге табиғи көгілдір отын берілетіндігін жеткізді. Ал, ауыз су меселесін жылдың соңына дейін шешіп беруді  уәде етті.

Азғана уақыт ішінде Шардара ауданы қарқындап дамып келеді. Бүгінде аудан басшысының  тындырымды істері жергілікті тұрғындардың көңілінен шығуда.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер