Ордабасыда ажырасушылар саны кеміді

Қазақстанда ажырасу саны азайды

Соңғы мәліметтерге сүйенсек, Ордабасы ауданында 93 мыңға жуық адам тұрады. 

Бүгінде ауданда қуантарлық жаңалық - ажырасу саны кеміген. Өңірлік коммуникация қызметінің хабарлауынша 2019 жылы бұл мезгілде 98 отбасы ажырасса, қазіргі таңда Ордабасы ауданы бойынша шаңырағы шайқалғандар 22 жанұяны құрады. Карантин кезеңіндегі ажырасулар саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда біршама азайды.

Жалпы Қазақстан бойынша қалалық жерлердің үйленуі - 67 пайыз. Яғни үйленетін үш жұптың екеуі қалада.

Сонымен қатар, елімізде төтенше жағдайға байланысты атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарындағы 6 жастан 18 жасқа дейінгі 1492 балаға бүгінге дейін 24 575,5 мың теңге ақшалай көмек төленген. Сонымен қатар, 937 отбасының 5206 адамына 226 млн.-нан астам қаржы атаулы әлеуметтік көмек үлестірілді.
«Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бойынша көпбалалы табысы аз отбасылардың мүшелері, табысы аз еңбекке қабілетті мүгедектер, 29 жасқа дейінгі жастар, жұмыссыздар қатарындағы 110 азаматқа жаңа бизнес идеяларды іске асыруға арналған грант беру жоспарланып, бұл мақсатқа 53 816,0 мың теңге қаржы бөлінді. ІІ тоқсанның қорытындысымен 39 адамның өтініші қанағаттандырылып, грант иегері атанды. Бұл азаматтарға 21209 мың теңге қаржы төленді. 16 азамат шағын несие алып, өз кәсібін ашты. Жыл басынан 245 азаматқа «Бастау Бизнес» кәсіпкерлік негіздері курстарына жолдама берілді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер