Шардаралық мобильді топтар рейдтік жұмыстар жүргізуде

ШҚО-да құрылған медициналық мобильді топтар тиімділігін көрсетті ...

Шардара ауданында  КВИ алдын алу бойынша 6 мониторингтік топ құрылып, жұмыс жасауда. Аталған топ әкімдік, ТҚҚСҚББ (СЭС), полиция, кірістер басқармасы, «Атамекен» ҰКП өкілдерінен жасақталған. Аудандағы 30 мектеп, 
10 тойхана, 5 спорт мектептері, 1 музей, мәдениет үйлері, мерамханалар мен тойханалардың, балабақшалардың жұмысы уақытша тоқтатылса, 3 сауда орталығымен  110 азық түлік дүкендерінің жұмыс уақыты таңғы сағат 10.00-21.00 аралығында жұмыс жасауы бақылауға алынып, маскалық режимде жүру, әлеуметтік ара-қашықтықты сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Аудандағы моншалардың сағат 10.00-21.00 аралығында, сұлулық салондары мен шаштараздардың сағат 10.00-18.00 аралығында жұмыс жасауы бақылауға алынып, демалыс күндері жұмыс жасауы тоқтатылған.

Шардара қаласындағы орталық базар аптасына 5 күн таңғы сағат 
10.00-19.00 аралығында жұмыс жасауда, сенбі, жексенбі күндері жұмыс жасамайды. Жалпы аталған нысандар алдына кезекшілік ұйымдастырылып, адамдарды маскасыз кіргізбеу жолға қойылған. Шардара су қоймасы жағалауындағы шомылу маусымында ашылған демалыс орындарының жұмысы уақытша тоқтатылып, адамдардың келуін болдырмау мақсатында полиция бөліміміен кезекшілік ұйымдастырылуда. Мобильді топтар күнделікті сағат 10.00 де, 17.00 де және түнгі 22.00 де рейдттік жұмыстарын жүргізуде.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер