Шардара: Үздіксіз залалсыздандыру жұмыстары жүргізілуде

image.png

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус пандемиясына қатысты төтенше жағдай бойынша тұрақтылықты қамтамасыз ету шаралары туралы Жарлығына сәйкес, бүгін Түркістан облысы, Шардара округіндегі барлық көшелерде дезинфекция жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Атап айтар болсақ, Шардара қаласы мен ауылдық округтердегі көшелер мен аяқжолдар, балалар алаңшалары т.б. жерлер хлор ерітіндісімен аптасына 2 рет залалсыздандырылуда. Ол жұмыстар 11 бірлік ОВХ тіркемесі, 30 бірлік қолмен бүркеу  (ранцовый)  аппаратымен жүргізілуде. Аудандағы 1368 обьектіде (сауда дүкендері, сауда орталықтары, сән салондары, кафе, қоғамдық тамақтану орындары т.б. мекемелер) барлығы 1816950,0 шаршы метр аумақта күнделікті кестеге сәйкес, дезинфекциялау жұмыстары жүргізілуде.

Ал осыған дейін жарияланған төтенше жағдай кезінде Шардара ауданындағы 6 мобильдік топ құрамындағы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының мамандарымен 38 хаттама толтырылып, 28 хаттама сотқа жолданып, сот шешімімен 11 айыппұл салынып, 14 ескерту берілді.

Полиция тарапынан 18 хаттама толтырылып сотқа жолданған. 2 нысан иесіне сотпен 10 АЕК айыппұл салынып, 16 нысан иесіне ескерту жасалған.

Жалпы ауданда карантин уақытында аталған 6 мобильді - 1520 нысан араланып, заң бұзушылық бойынша 97 хаттама толтырылды. Оның 95 жеке тұлға болса 2 жеке кәсіпкер (ҚР ӘҚБТК 425, 462 бабтың 1 тармағымен). Жалпы салынған айыппұл соммасы-4597590 теңгені құраса, бүгінгі таңға 3760419 теңгесі өндірілді. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер