Сайрам: Тапсырма уақытылы орындалды

image.png

Су ресурстарын тиімді пайдалану аграрлық саланың қарыштауына бастайтын негізгі жолдың бірі. Қазақстан аумағының 29%-ы далалық, 44%-ы шөлді аймақ болғандықтан, осы шөлді аумақты шаруаға қолайландыру жұмыстары үздіксіз жүргізіліп келеді. Егістік алқаптарынан мол өнім алу үшін, сәйкесінше баптау жұмыстары да үздіксіз жүріп отыруы тиіс және ол шаруаға да, мемлекетке де қолайлы болу керек. Қазақстанда бұрыннан егістік алқаптары дәстүрлі түрде арық-тоғандар арқылы ағыстық тәсілмен суарылады. Ал Батыс Еуропалық елдердің өнімді суаруға енгізген жаңа тәсілдері бар. Соның бірі – тамшылатып суару. 

Тамшылатып суару әдісі бүгінде Батыс Еуропа елдерінде кеңінен қолданылады. Ақылды технологияларды агросалаға енгізгелі бұл тәсіл Сайрамда бүгінде арнайы құрылғылардың көмегімен жұмыс жасауда.

Облыс әкімінің Израильдік технологияны қолдана отырып үй іргелік жерлерге тамшылатып сұғару әдісін қолдану тапсырмасына сәйкес Қарабұлақ ауылдық округі тұрғындары тапсырманы дер кезінде орындады. Ниет білдірген тұрғындардың атқарған жұмыстары нәтижелі болмақ.

Тамшылатып суару – өсімдіктің тікелей тамырлық зонасына құбырлар, түтіктер, эмиттер көмегімен суды баяу тамшылату арқылы суаруға мүмкіндік теретін тәсіл болғандықтан болашақта тұрғындардың жасаған ісі ысырапшылдықтан құтқарып, шаруалардың істеріне зор нәтижесін берері анық. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер