Сайрамда жол жөндеу жұмыстары жүйелі, уақытылы жүргізілуде. Бұл тұрғыда жұмысшылар да тыным таппай еңбектеніп жатыр.
Қарамұрт ауыл округінде көптеген жылдардан бері өзекті мәселе болып отырған облыстық маңызы бар жолдың орташа жөндеу жұмыстары облыс әкімі Ө.Шөкеев пен Сайрам ауданының әкімі Ұ.Сәдібековтың қолдауымен басталып та кетті.
Арнайы құрылысты атқарып отырған "Сити" строй ЖШС мекемесі тарапынан сапалы қарқынды жұмыс жүріп жатыр. Мердігер компания құрылыс жұмыстарын уақытылы бітіруге ниеттеніп отыр.
Бүгінгі таңда үш шақырымдай жол орташа жөндеу жұмыстары бітіп үлгерген. Жаңа төселген асфальттың сапасы тиісті талапқа сай болмақ.
Көптен бері қордаланып келе жатқан күре жолдың жөнделуі тұрғындардың қуанышын арттыра түсті. Игі істің ұйытқысы болған облыс әкімі және аудан әкімі Ұ.Сәдібеков мырзаларға, жұмыстың жүйелі жүруіне қолдау көрсетіп жүрген Қарамұрт ауылдық округінің әкімі М. Нәжиевқа да ауыл тұрғындарының алғысы шексіз!
Жуырда ауыл тұрғындары жаңа жолдың игілігін көрмек.