Сайрам: Су мәселесі сауатты шешілуде

Су мәселесін сауатты шешу қажет

Ауыз су қазіргі елімізде өршіп тұрған мәселелердің бірі. Мемлекет тарапынан бұл мәселелені шешу үшін түрлі шаралар іске асырылып жатқаны да белгілі.  Сайрамда аудан тұрғындарын таза ауыз суға, табиғи газға, көлік инфрақұрылымына қол жеткізу деңгейін көтеру үшін биылғы жылы инженерлік-коммуникация желілер құрылысын (ауыз су,табиғи газ, электр желісі)  жүргізуге республикалық бюджеттен 407,2 млн теңге, аудандық бюджеттен 111,5 млн.теңге қарастырылды. 

Оның ішінде Қарасу ауыл округіне қарасты Ақбай, Ақбастау, Әйтеке би ауылдарына, Ақсукент ауыл округіне қарасты Әйтеке би аумағына, Арыс ауыл округіне қарасты Қожақорған ауылына және Манкент ауыл округіне қарасты Манкент ауылына инфрақұрылым жүйелерінің құрылысы жүргізіледі.

Жыл басында аудандағы 42 елді мекеннің 41-і орталықтандырылған ауыз сумен  қамтылған болса, құдық суын пайдаланып отырған Қызылжар ауылын (Құтарыс а/о)  орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосу үшін аудандық бюджет есебінен құрылысы жүргізіліп, нәтижесінде барлық елді мекендер 100 % орталықтандырылған ауыз су жүйесімен қамтылды. 

Бүгінгі таңда, Арыс ауылдық округі Нұржанқорған, Қожақорған елді мекендерін тұрақты ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында жер асты су қорына іздеу-барлау жұмыстарына облыстық бюджет есебінен 2020 жылға 31,596 млн. теңге қаржы қаралып, мемлекеттік сатып алу конкурстың нәтижесімен мердігер мекеме "Геобайт-Инфо" ЖШС-і жеңімпаз атанды. Конкурс құны - 30, 649 млн теңге. Тапсырыс беруші Түркістан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер