Сайрам: Кәсіп игерген көштен қалмайды

Нет описания фото.

Кәсіп игерген көштен қалмайды. Сайрам ауданында шағын және орта бизнес қарқынды дамып келеді. 

Ауданға қарасты Қарасу ауылындағы жеке кәсіпкер "Айдынов" көкөніс өнімдерін консервілеу цехында жұмыс қайнап тұр.

Мұндағы жеміс-жидек пен көкөністің сан түрінен жабылған өнімдер Қазақстанның барлық аймақтарында сатылымға шығады.

Ал Сайрам Ауданына қарасты Ақбай ауылында жеке кәсіпкер Асан Кулиев жалпы көлемі 4,5 гектар аумақта жылыжай құрылысын жүргізуде.

Аталған өндіріс орындарын арлаған аудан басшысы Уласбек Садибеков кәсіпкерлерге әкімдік тарапынан қандай қолдау қажеттігін сұрап, өнімді іске береке тіледі.

Іс-сапар соңында Қарасу ауылдық округіндегі Әйтеке би ауылының жаңақұрылыс аумағына барды. Мұнда 76 гектар аумақты ауыз сумен қамту мақсатында басталған құрылыс жұмыстарының жайымен танысты.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер