Созақ: Басты мақсат – жұмыссыздыққа жол бермеу

image.png

Созақта басты мәселелердің бірі - тұрғындардың жұмыспен қамтылуы. Қазіргі таңда облыс әкімінің тапсырмасы бойынша жұмыссыздықтың өсуіне жол бермеу және жаңа жұмыс орындарын құруда бірқатар шаралар алынып жатыр.

Атап айтқанда, Созақ ауданы бойынша 15 инфрақұрылымдық жоба іске асырылуда. Нәтижесінде 83 жаңа жұмыс орындары құрылып, 45 адам халықты жұмыспен қамту орталықтары арқылы жұмыспен қамтылды немесе 107,1 пайызға орындалып отыр.
Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметінше, инфрақұрылымдық 8 жоба аясында құрылыс-жөндеу жұмыстары 90,7 пайызға орындалған. Аудана әлеуметтік-мәдениет және инфрақұрылым нысандары мен елді мекендерді абаттандыру жұмыстары іске асырылуда. Атап айтқанда, 4,2 шақырым жолға 103 баған жарық шамдар орнатылып, 1 шақырым аяқ жол жөнделіп, асфальт төселген.
Жұмыспен қамтылған азаматтардың ең төменгі жалақысы 85 мың теңгені құрады. 

Сондай-ақ, Жол картасы бойынша инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру кезінде мердігерлер қажетті санитарлық–эпидемиологиялық талаптарды сақтап, қызметкерлер жеке қауіпсіздік құралдарымен қамтамасыз етілген.
«Жұмыспен қамтудың жол картасы» мемлекеттік бағдарламасын іске қосу – пандемия кезінде жұмыспен қамту шараларының бірі. Басты мақсат – жұмыссыздыққа жол бермеу және қосымша жұмыс орындарын құру.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер