Ордабасыда инфекциялық ауру түрлерінің басым көпшілігі бойынша эпидемиологиялық ахуал тұрақты. Бұл туралы Ордабасы ауданы әкімі Нұрбол Тұрашбеков аудандағы эпидемиологиялық ахуалды баяндау мақсатында жүргізген тікелей эфир барысында баяндады.
Ауданда әкім орынбасарының айтуынша, карантиндік талаптардың сақталуын жіті қадағалайтын бірнеше жедел топтар жұмыс жасайды. Қазірде науқастар саны әлдеқайде азайған. Ал, індетке тойтарыс беретін қажетті құрал-жабдықтар мен дәрі-дәрмек жеткілікті. Азық - түлік бағасы да үнемі бақылауда. Егер кеселдің беті қайтса, карантин режимі жеңілдетіледі.
Барлық эпидемияға қарсы қажетті іс-шаралар, оның ішінде оқшаулау, емдеу және дезинфекциялық іс-шаралар жүргізілуде.
Әкімнің айтуынша бүгінде аудан аймағында шектеу шараларын, бетперде режимін және әлеуметтік қашықтық сақтау бойынша кең ауқымды түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Түсіндіру жұмыстарына ақпараттық тақтайшаларды орналастыру, аудан әкімдігі өкілдерінің, аудандық СЭС, аудандық полиция басқармасы қызметкерлерінің және волонтерлар штабының қатысуымен мониторингтік-түсіндіру топтарының қызмет етуі кіреді.