Ордабасыда кәсіпкерлер қатары артып келеді

image.png

Ордабасыда кәсіпкерлікпен айналысушылардың қатары көбейіп келеді. Ауданда тұрғындар арасында кәсіпкерлікпен айналысуға ниет білдіргендер көп. Оларды мемлекеттік бағдарламалар бойынша несие беру жөнінде ақпараттандыру мерзімді жүргізіліп отыруға тиіс.

Түркістан облысы Ордабасы ауданында жыл басынан бері жергілікті деңгейдегі кәсіпкерлер мен шағын несие ұйымдары арқылы 2241 адамға 1 млрд. 314,9 млн. теңге несие үлестірілді. Нәтижесінде ауданда мал, егін шаруашылығы, сауда, қызмет тауар айналымын ұлғайту, жылыжаймен айналысатын азаматтардың қатары артты.
Жеңілдетілген несие арқылы бастауыш және жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік нысандарына қолдау білдіріп отырған несие ұйымдарының қатарында «Ырыс» МҚҰ ЖШС, «КазМикроФинанс», «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» ЖШС, «Төрткүл несие» ШНҰ, «АгроНесиеОрдабасы» ЖШС және «Арнур кередит» несие ұйымы бар.
Айта кетейік, аудан әкімі Нұрбол Тұрашбеков кәсіп ашуға ниетті азаматтарды қолдау үшін несиеге қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша нақты тапсырмалар берген-ді. Осы тапсырмаға сәйкес, кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру жұмыстары қарқынды түрде жүзеге асырылуда

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер