Қазығұрт: Жағдай тұрақталып келеді

image.png

Карантин режиміне келер болсақ, Түркістан облысында талап жеңілдетілді. Облыста коронавирустық инфекцияның бір күндік өсім 0,8 пайызды құрап, жалпы жағдайдың тұрақталғанын көрсетіп отыр. Дегенмен карантин тараптары әлі де сақталады. Бұл туралы облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев кезекті апталық лездемеде атап өтті.

– Карантиннің жеңілдетілуі – босаңсу деген сөз емес. Керісінше, жағдайдың қаншалықты күрделі екенін түсінетін кез жетті. Психология өзгеру керек. Жиынға, керек емес топтасуларды мүлдем тоқтату керек. Карантинде той жасап, тойға барғандарды жауапкершілікке тартылады. Өзгелердің өміріне қауіп төндіру – барып тұрған қылмыс екенін санасы бар адам түсіну керек. Облыс аумағында бетперделік режимді қатаң сақталып, мобильдік топтардың рейдтік тексеруін жүйелі түрде жүргізілсін. Әр әкім өзі үлгі болмаса, болмайды. Әр қала, аудан әкімдері мен басқарма басшылары бұл іске тікелей жауапты екенін ескертемін,-деді Өмірзақ Естайұлы.

Ал Қазығұртта 17 наурыз бен 17 тамыз аралығында аудандағы провизорлық орталықта 878 адам келіп түскен. Олардың арасындағы 628 адам пневмониядан емделіп шықты. Бүгінгі таңда аудандағы жағдай тұрақталып келе жатқандай. Осыған байланысты біз провизорлық орталықтардағы төсек-орындарды 60-қа дейін қысқартқан. Қазіргі таңда ол жерде 12 науқас емделуде. Орталық ауруханада тоғыз ИВЛ аппараты, 21 жылжымалы оттегі концентраты бар.

– Ауданда дәрілік және жеке қорғаныш құралдарының қоры алдағы екі айға жеткілікті. Ауырған және жазылған адамдар санына тоқталып өтетін болсам, пандемия басталғалы бері ауданда коронавирус инфекциясын жұқтырған 34 жағдай тіркелген. Оның 26-сы емделіп шықты. Бір адам өкінішке орай, қайтыс болды. Қазіргі таңда 3 науқас Ленгір қалалық инфекциялық госпитальінде ем қабылдауда. 4 науқас симптомсыз түрімен үй жағдайында медициналық бақылауда, - дейді Қазығұрт ауданының әкімі Төлеген Телғараев. Пневмонияға шалдыққан 878  науқас аудандық провизорлық госпитальде емделіп шықса, 586 адам амбулоторилық, 11 адам өкінішке орай қосымша аурулардың асқынуына байланысты қайтыс болған.

Қазіргі таңда Қазығұрт ауданында мобильдік топтар тұрақты жұмыс істеп, дәрі-дәрмек бағасын бақылауда ұстап тұр. Санитарлық талаптар мен карантин режимін ұстанған халық арасында дерттің таралуы азайып, жағдай тұрақталып келеді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер