Қазығұрт жолдары жаңа кейіпке енеді

image.png

Қазығұрт ауданындағы бірнеше негізгі көше жолдары күрделі жөндеуден өтуде.  Аудандық маңызы бар автомобиль жолдары да жаңа кейіпке енеді. Аталған жұмыстар «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында жүргізіліп жатыр.  Бағдарламаның негізгі мақсаты ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту, ауылдарды тұрақты дамыту. 

Жыл соңына дейін Қызылқия, Сарапхана ауылдарның ішкі көшелерін жүз пайыз асфалттау жоспарланып отыр. Бүгінде 33,3 шақырымды құрайтын 19 көшені жөндеу үшін қаржы қаралып, қызу жұмыстар жүргізілуде.

2020 жылы аудандық бюджет есебінен 561,670 млн.теңге қаржы бөлінді. Аталған қаражат есебінен 31,2 шақырымды құрайтын 13 көшеге орта жөндеу жұмыстары қарқын алуда. Құрылыс жұмыстары аяқталса аудан инфрақұрылымы толық түгенделер еді.

Құрылыс жұмыстарына «Базис К» ЖШС-і жауапты. Қолға алған он тоғыз көшенің он шақырымына бүгінде сапалы асфалт төселіп біткен. Жұмысшылар  қатарында кәсіби мамандардан бөлек, онға жуық ауыл азаматтары бар.

Сонымен қатар аудандық маңызы бар автомобиль жолдары да жаңа кейіпке енеді. Бұл мақсатта 20,0 млн.теңге қаржы бөлінген. Қазіргі таңда барлық жұмыстар жоспарға сәйкес жүргізілуде.  

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер