«Сайрам-Сүт» - сапалы сүт өндіреді

Түркістан облысының Сайрам ауданында сүт зауыты іске қосылды

«Сайрам-Сүт» ЖШС 2004 жылдан бастап ашытылған сүт өнімдерін шығарады. Бұл Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам аймағындағы ең ірі сүт өндіретін кәсіпорындардың бірі, жақсы материалдық-техникалық базасы және озық технологиясы бар. 

Осы уақыт аралығында «Сайрам-Сүт» ЖШС өнімдері тұтынушыларымыздың сеніміне ие болды. Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам және Түлкібас аудандарынан сатып алынған заманауи өндіріс технологиясы, табиғи шикізат (сүт) бүгінде бізге жоғары сапалы өнім шығаруға мүмкіндік беріп отыр.

Ауданның бетке тұтар кәсіпорындарының бірі сүт, айран, қаймақ, ірімшік секілді жоғары сапалы сүт өнімдерін еліміздің түкпір-түкпіріне экспорттауды көздейді.

Жалпы, қазіргі таңда 25 түрлі өнім тұтынушыларға жол тартып отыр. Тәулігіне 20 тонна өнім шығаруға қауқарлы өндіріс орнының тәуліктік өнімі 8 тоннаны құрайды. Кезінде күніне 17-20 тоннаға дейін сүт өнімдерін шығарған бұл зауыт былтыр жөндеу жұмыстарына орай 7-8 ай бойы тоқтап тұрды. Енді, міне, өткен жылдың соңғы айларында жұмысын қайта бастаған кәсіпорын бұрынғы тапсырыс берушілерін қайта жинауға кірісті. Егер тапсырыс берушілер қайта көбейсе, өндіріс орны толық қуатында жұмыс істеуге дайын. Бүгінде кәсіпорында 38 адам жұмыс істейді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер