Ордабасы: Тамшылатып суару әдісін ендіру 100 пайызға орындалды

Тамшылатып суару әдісінің артықшылықтары қандай?

Ордабасы ауданына қарасты Қажымұхан ауылды округінде егін шаруашылығы қарыштап дамып келеді. Ауыл округінің негізгі саласының бірі – ауыл шаруашылығы. «Агроөнеркәсіп кешенінің 2017-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасы» аясында ауыл шаруашылығы бөлімімен үш жақты келісім-шарт түзіліп, онда көрсетілген тапсырмаларды орындау бойынша бірқатар жұмыстар атқарылған. 

Атап айтсақ, үш жақты келісім-шарт  бойынша 9408 га жерге ауыл шаруашылық дақылдарын егу жоспарланған, нақты 9440 га құрап, 100,3  пайызға орындалып отыр. 

Ауыл округі бойынша 2019 жылы 70 гектарға тамшылатып суару әдісін ендіру жоспарланып, нақтысы 70 ганы құрап, 100 пайыз орындалды. 

Суды баяу тамшылату арқылы суаруға мүмкіндік теретін тәсілді қолға алу арқылы округтегі шаруалар егіншілікпен айналысудың тиімділігін арттырып отыр. 

Осыған сәйкес, осы жүйеге өтіп жатқандардың да саны көбейіп келеді. Осы әдіспен суару жүйесіне көшкен шаруалар саны күн санап арта берер болса, еліміздің агросаласының жаңа белеске шығары анық.

Жаңадан қосылатын суармалы жер бойынша тапсырма 385 га, нақты 147 га жер қосылып, 38,2 пайызға орындалды.

Өткен жылда Қажымұқан ауыл округі әкімі аппаратына бюджеттен 601 млн. 666 мың теңге қаралып, 100 пайызға игерілді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер