Мобильді топ түсіндіру жұмыстарын жалғастыруда

Screenshot_7.jpg

Қауіпті инфекцияның ел арасында тарап кетпеуін болдырмау мақсатында ордабасы ауданында құрылған мобильді топ мүшелері сенбі, жексенбіге қарамастан күн сайын  рейдік шараларды ұйымдастыруда. Елдімекендерді, қоғамдық орындарды, сауда нүктелерін аралау барысында мамандар тұрғындар мен кәсіпкерлерге аурудан сақтанудың жолдарын түсіндіре келе, карантин режимін сақтамаған тұлғаларды анықтап отырды. Нәтижесінде санитарлық талаптарды сақтамай, ережені бұзған 155 тұлғаға әкімшілік хаттама толтырылып, 7 миллионнан астам айыппұл салынған. Ереже бағынбағандардың көбісі отбасылық жиын-той ұйымдастырып, үйіне, тойханаларға 30 адамнан артық адамды жинағандар екен.

   Қатаң тәртіп пен  бірқатар шектеулер ауданда тәжвирустың аурушаңдығын басып қана қоймай сонымен қатар өзге де дерттің дендеп кетуінен сақтапты. Мәселен карантин кезінде ауданда дезинтерия, гепатит, қызамық, тағамнан улану секілді аурулар  тіркелмеген. Және созылмалы гепатит арулары 3 есеге, кене шағу жағдайы 3 есеге, өткір ішек жұқпасы 16 есеге, сарып ауруы 2 есеге азайған көрінеді. 

 Карантин жеңілдеп, ауру саябырсығанымен  мобильді топ халыққа түсіндіру жұмыстарын әлі де жалғастыруда.  Себебі індеттің екінші толқынына дайындық тек материалдық жағдаймен ғана өлшенбейді, ең алдымен адамдардың өз денсаулығына деген жауапкершілікті арттыру қажет дейді мамандар. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер