Тұмауға қарсы екпе ковидті жеңілдетеді

Screenshot_8.jpg

Күз – тұмау секілді жедел респираторлы аурулардың қоза түсетін маусымы. Елімізде иммундау апталығы әдеттегіден ерте басталды. Мұның басты себебі пандемия кезінде тұмауды одан әрі өршітіп алмау.  Ордабасы аудандық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы Асқар Искаков тұмауға қарсы екпенің кімдерге тегін салынатынын және вакцинаның пайдасын түсіндіріп өтті. 

Оның айтуынша  медицина қызметкерлеріне;  медициналық ұйымдарда диспансерлік есепте тұрған балаларға;  жасы 6 айдан асқан әрі жиі ауыратын балаларға; жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының, балалар үйлерінің тәрбиеленушілеріне;  қарттар мен мүгедектер үйін мекендеушілерге;  жүктіліктің екінші не үшінші триместріндегі жүкті әйелдерге;  жүрек-қан тамыр жүйесі мен тыныс алу органдарының созылмалы аурулары бар адамдарға екпе мемлекет есебінен  жоспарлы түрде салынады. «Қазір көптеген адамдар тұмауға қарсы екпенің ерте басталуын вакцина  коронавирустан сақтайды деп түсініп жүр. Шын мәнісінде тұмауға қарсы вакцина тәжвирустан сақтамайды. Егер екінші толқында сіз коронавирус жұқтырып алған болсаңыз оған қоса тұмаумен ауырсаңыз бұл иммунитетіңізге өте ауыр салмақ түсіреді. Екеуі де тыныс жолдарын зақымдайтын болғандықтан бұл науқастың денсаулығына айтарлықтай қауіп төндіреді. Егер сіз тұмауға қарсы екпе салдырсаңыз онда ағзаңыз тұмаумен күресе алады. Тұмауды жеңе алсаңыз онда иммунитетіңіздің ковид-19-ды жеңіп кетуі де ғажап емес. Сондықтан дәл қазіргідей пандемия тұсында сақтық ретінде тұмауға қарсы  екпені салдырту  аса маңызды. Жалпы вакцина – белсенді иммунитетті қалыптастыру арқылы нақты бір инфекциялық ауру қоздырғышқа арнайы ағза төзімділігін (иммунитетті) құруға арналған тірі, өлтірілген, әлсіздендірілген микроағзалар немесе олардың өнімдері. Тұмауға қарсы екпенің адам денсаулығына еш кері әсері жоқ», - деді ауданның бас санитар дәрігері.  

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер