Түркістанның бас жоспары халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған

Түрленген Түркістан жайында көп дүние айтуға болады. ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 25 қарашадағы №793 қаулысымен Түркістан қаласының бас жоспары бекітілді. Осы бас жоспар еншісіне 22370 гектар жер телімі кіреді. 

Screenshot_35.jpg

Оған қала аумағының ішкі бөлігінде орналасқан тұрғын үйлер, кәсіпкерлік, әлеуметтік және басқа да көптеген нысандар көлік инфрақұрылымының қызыл сызығына енген. Көп қабаттан тұратын көп пәтерлі тұрғын үйлердің аумағына орналасқан. Осыған байланысты, Түркістан қаласы аумағының функционалдық аймақтарын салудың қала құрылыстық регламенті бекітілді. Бұл қала құрылыстық регламенті көп қабаттан тұратын көп пәтерлі тұрғын үйлердің аумағына еніп орналасқан нысандарға құжаттарды заңдастыруға мүмкіндікті қарастырды. Одан бөлек жер телімдерін заңдастыру барысында оң қорытындысы берілетін болады. 

Осы Үкімет қаулысымен бекітілген Бас жоспар негізінде жұмыс жалғасуда. Қала құрылысы құжаттамасы болғандықтан ол әртүрлі сатыдағы құжаттамалармен толығады. Алдымен қаланың бас жоспары әзірленсе, одан кейін қаланың егжей-тегжейлі жоспары жүзеге асырылды.  Ол әрбір аумаққа, әрбір тұрғын алабына нақты салынуға тиісті инженерлік құрылыс нысандары, техникалық экономикалық көрсеткіштері бәрі сарапталып, егжей-тегейлі көрсетілетін болады. Сондықтан жаңа бас жоспар бекітілген сәттен бастап, бізде қала аумағында  тұрғын үй, әлеуметтік, коммерциялық-іскерлік, өндірістік, өзге де режимдік аймақтарға бөлінді. Орталық саябақтарға берілді. Осы бас жоспарға сәйкес қалақұрылыс регламентін бекіттік. Бүгінгі таңда бұл құжат қолданысқа беріліп, заңды күшіне енді. Қалақұрылыс регламенті дегеніміз- бұл тұрғын алқаптарда бас жоспарда қарастырылған мәселелерді қараймыз. Кейбір тұрғын үйлерді орналастыруға шектеу қойылған болса, регламентте осының бәрін нақтылап,егжей-тегжейлі көрсетіп отырмыз. Әрбір тұрғын алқапта қанша екені көрсетіледі. Бұрын бас жоспар бүкіл қала бойынша жасалды. Бұрынғы жоспарда тұрғын аумағында қандай нысандарды салу, салмау туралы көрсетілсе, қазіргі бекітілген қалақұрылыс регламентінде барлық сауда алаңдары 200 шаршы метрге дейінгі дүкендер, үй жайлық тұрғын құрылысы, блокты тұрғын үйлер, мәдени-әлеуметтік нысандар, көлік құралдарына қызмет көрсететін ғимараттары түгел белгіленеді. Мәселен, тұрғын үй алқабы болғандықтан кейбірі үйінен дүкен ашады. Бұрын регламент болмаған кезде жасалғандықтан бізде мәселе туындады. Қаладағы жер комитетінде бас тарту деген мәселелер көп қаралды. Бұл мәселелерді біз түбегейлі шешіп отырмыз.

Қазіргі таңда қала аумағында тұрғындарды қатты толғандырып жүрген мәселе –қала құрылыстық құжаттама бекітілгеннен кейін қызыл сызық мәселесі алдымыздан шықты. Негізі, Түркістан қаласының бас жоспарының аумағы 22370 гектарды құрайды. Бұл жаңа шекаралық белгі. Бұл бас жоспар бекітілген кезде, егжей-тегжейлі жоспар әзірленбеген. Соған байланысты, бас жоспар негізінде қала аумағының 10189,6 гектар жер теліміне жаңадан егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы Бекзат, Шавғар, Сауран, Бірлік, Яссы, Отырар тұрғын алқаптарында әзірленді. Бұл өз кезегінде қала аумағына қала құрылысы жобаларын (егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары мен құрылыс салу жобаларын) әзірлеуі жөніндегі тәртіпті белгілейді. Барлығын түбегейлі шешеді. Бас жоспар бойынша еленбеген қызық сызықтардың бәрін егжей-тегжейлі жобасында түзеттік. Нақтыладық. Кейбір азаматтардың үйі қызыл сызыққа түсіп, бүгінгі таңға дейін,қала құрылысы құжаттандыру барысында қорытынды ала-алмай қалған мәселелері болса, мұның барлығы бүгінгі таңда шешімін тапты. Қаладағы кез келген құрылыс нысаны қалалық құжаттамаға сәйкес, сәулет құрылыс бөлімінің рұқсатымен салынуы тиіс. Ол коммерциялық нысан бола ма, ойын-сауық ғимараттары бола ма, жай тұрғын үй болсын қала құрылыс құжаттамасына сәйкес болуы керек. Сондықтан да  қазіргі таңда қызыл сызыққа, функционалды аумаққа кіріп кеткен тұрғын алқаптары бойынша да, шешімін тапты. Негізі қалақұрылыс құжаттамасы бойынша болашақта салынатын жолдар бар. Оны бас жоспардан алып тастау мүмкін емес. Сондықтан да біз алдағы уақытта қаланың басы артериясы болатын үлкен көшелердің қызыл сызығын қалдырдық. Дегенмен, тұрғын алқаптардағы қызық сызықтардың барлығы заңдастырылды. Бұл мәселені 100 пайыз шешпесе де, басым бөлігі оң қорытындысын алатын болады. Өйткені, бұрынғы бас жоспар тұжырымдамасына сәйкес, жалпы үйлердің бір қабатын алып кететін болса, қиындық туады. Сондықтан егжей-тегжейлі жобада мұны шамалы кеңейтіп, қызыл сызықтан алыстау етіп орналастырдық.   Қалақұрылыс құжаттамасына сәйкес саябақ,қорғау аймақтары дейтін түсінік бар. Әрбір инженерлік құрылымдардың қорғау аймағы болады. Мәселен, электр желілері, сорғы станциялары, электр станциялары болсын олардың адамның денсаулығына зиян келтірмейтін қорғау аймағы бар. Осылардың барлығы қалақұрылыс құжаттарында көрсетіледі. Оның сыртында қала ішінде бұрын қолданыста болған қазір ескірген мазарлар бар. Әрбір мазардың сыртынан 300 метрге дейін санитарлық қорғау аймағы бар. Көп қалаларда мұны білмегендіктен құрылыс салып тастағандары жиі кездеседі. Бұл жұмыстар алдағы уақытта тұрғындардың тарапынан өтініштер түсуіне байланысты нақты нәтижесін көрсететін болады. Өйткені, біз қала әкімі тарапынан құжаттардың бәрін рұқсат беру барысында осы бекітілген құжаттарды басшылыққа аламыз. Қысқаша айтқанда регламентке сәйкес қызыл сызық бойынша біздің қазіргі таңдағы атқарған жұмыстарымыз осындай. 

Соңғы деректерге қарағанда, жалпы тұрғын үйлер бойынша 91 пайызы табиғи газға қосылып отыр. Бізде мәселе туғызып отырған бос алқаптарға орнатылған табиғи газ қондырғылары. Біздің жалпы жобамыз 52 мың абонентке арналып сызылған. Алайда, газды жүргізу барысында Тұран, Бекзат, Яссы мөлтек аудандарында және қаланың шеткі жаңа тұрғын алқаптарында қазіргі таңда әлі үй салынбаған бос алқаптар көп. Біздің жоспарымыз бойынша осы жерлердің барлығына табиғи газ қондырғысы жеткізілген. Шкафтар орнатылған. Осы бос игерілмеген жерлер біздің пайыздық мөлшерімізді төмендетіп отыр. Үйінің құжаттарын заңдастырмаған немесе үйінің ішкі жылу жүйесі жоқ үйлер де кездесуде. Жазғы үйде отырғандары да бар. Олардың көбісіне табиғи газ жеткізілгенімен қосыла алмай отырғандары бес мыңға жуық. Қала табиғи газ бойынша магистральдық желісімен үйлерге жеткізу нүктелерімен толықтай қамтылған. Алайда, әрбір үйге абоненттер өздерінің қаржысы есебінен кіргізіп алады. Оны арнайы лицензиясы бар мекемелер жүргізеді.Осы сәтті пайдаланып, тұрғындарға айта кететін хабарламамыз бар. Тұрғындар газ компаниясымен келісім-шартқа тұрған кезде қырағылық танытса дейміз. Себебі, қала аумағында табиғи газды құжаттандыруда біршама қиындықтар туындап отыр. Өйткені, газдандыру жұмысы жүргізілген кезде, көрші аудандардан, қалалардан келіп жұмыс жасаған мекемелер болды. Оның ішінде ниеті түзулері де, теріс пиғылмен жүргендері де бар. Тұрғындардың қаржысын жинап әлі күнге дейін міндетін орындамай келе жатқан компаниялар да бар. Біз олардың барлығын құқық қорғау орындары мен тиісті мекемелерге шара қолдану үшін жолдадық. Алайда, тұрғындар оны түсінбейді. «Әкімдік қайда қарап отырсыңдар? Неге бақыламайсыңдар!»,- деп бізге өкпелейді. Бұл нарықтық қатынас болғандықтан біз табиғи газды үйдің алдына шкафқа дейін апарамыз да, ішкі жүйелерін нарықтағы кез-келген компания жүргізуге құқылы. Осы орайда бәріне түсіністікпен қарап, қолдарындағы келісім-шартты мұқият оқып, сондағы міндеттемелердің қатаң орындалуын жеке компаниялардан талап етуін сұраймыз. 

Мұндай жағдай 2021 жылы белең алды. Өзіміздің қала тұрғындарының арасында тым пысықтары бар. Бір жыл газ жағып, өзінің есептегіш құралын көршісімен алмастырып жібергендері де кездесті. Мұндай ұрлықпен бірнеше фактілер кездесіп, полиция қызметкерлерінің жедел іздестіру барысында ұсталғандары бар. Биыл былтырғыға қарағанда біршама тоқтады. Бұл мәселені полиция басқармасының басшысы тікелей өз бақылауына алып, қадағалауды күшейтті. Қазіргі таңда кейбір тұрғындар қоныстанбаған бос алқаптардағы құрал жабдықтарды жинап, жол мекемесінің базасында сақтап отырмыз. Әрине, айдалада иесіз тұрған есептегіш құрал мен жабдықтарды алып кетуге кез-келген адамның ойы бұзылады. Иесі табылған алқаптың иелеріне шетінен табыстап жатырмыз. Мұндай ұсақ ұрлықтар қала толық табиғи газға қосылғанда тоқтайды деген үміттеміз. 

Бұл қаланың аумағы 22 мың гектар болғандықтан ондағы әрбір ғимаратқа тізім жасақтау мүмкін емес. Үйі маңына құрылыс жүргізгісі келетін тұрғындар немесе қалақұрылысы құжаттамасына қатысты мәселелер бойынша сәулет және қала құрылысы бөліміне келіп шешуіне болады. Себебі, әрбір адамның мәселесі жеке дара қаралады. Кейбір жаңадан көтерілетін нысандарды жоспарлап отырғандар қалақұрылысы құжаттамасын қатаң сақтауы тиіс. Ол заңда айқындалған. Ал, бас жоспар бекітілгенге дейінгі салынған құрылыс нысандары бойынша мәселе қазіргі таңда көтерілмейді. Себебі, қалақұрылас құжаттамасына дейін олар заңдастырылған. Жолды кеңейтуді жоспарласақ тиесілі құжаттары бар азаматтармен ақылдаса отырып, мемлекет мұқтаждығына қажетті жерлерді ресімдеудің мүмкіндігін қарастырамыз. Мұндай жағдайда ешкім де шығынға ұшырамайды. Бұл жерде айтарым, қалақұрылыс құжаттарының барлығы жоспар. Қатып қалған мәселе емес. Қала әкімдігі тарапынан өмір өзгеріп отырғандықтан соған сәйкестенеді. Мәселен, Түркістан туризм қаласы болғандықтан туризм, жеңіл өнеркәсіп дамыған болса, қазіргі заманауи технологияға ұласуы тиіс. Экономикалық үдерістерге сәйкес болашақта қала мүлдем басқа бағытта дамуы да мүмкін. Соған орай бас жоспарға, егжей-тегжейлі жоспарға үнемі өзгерістер мен толықтырулар қосылып отырады. Бұл өмірдің талабы. Әрбір қала тұрғыны осы бас жоспарға, құрылыс құжаттамасына байланысты кез-келген уақытта ақпарат ала алады. 

Әрине, қазіргі таңда қала әкімдігінің жанында «Халықтық кеңсе» тұрақты жұмыс істейді. Әкімдіктің бүкіл бөлімдерінің құжаттары сол жерден қабылданады. Құжат қабылдаудың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында сәулет және қала құрылысы бөлімі жанынан ашық интернет ресурстарында портал әзірленіп жатыр. Ол жерден кез-келген қала тұрғыны мен қалаға келген қонақтар өздеріне қажетті ақпараттарды алу үшін қалақұрылысы құжаттары, инженерлік нүктелерге қосылу үшін де мәліметтер ала алады. Бас жоспардың барлық нұсқасы қала әкімдігінің интернет ресурсында тұрақты жарияланып отырады. Кез-келген адамға қолжетімді. Қазіргі таңда облыстық басқармада да осындай  интернет ресурс бар. Онда бас жоспар, егжей-тегжейлі жоспар, ғарыштан түсірілген фото түсірілімдер жаңартылып отырады.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Конституциялық сотқа тікелей жүгіну – конституциялық бақылау органының басты ерекшелігі
  • Заңмен тыйым салынған вейппен күрес тоқтамайды
  • Волонтерлер жемқорлыққа қарсы
  • Жүргізушіге қойылған талапты мопед иелері де сезінсе
  • Алаяқтықтың өте қауіптісі — интернет алаяқтық
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер