Түркістандағы құрылыс қарқыны бәсеңдемейді

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды облыс орталығындағы 10-ға жуық құрылыс нысанын аралап, жұмыс барысымен танысты. Өңір басшысы көпқабатты тұрғын үйлердің құрылыс алаңында болып, мердігерлер мен жауаптыларға бірқатар тапсырма берді. 

Screenshot_60.jpg

Әрбір құрылыстың сапалы жүргізілуінің қатаң бақылауда болатынын айтып, бұл бағыттағы жұмыстардың қашанда назардан түспеуін ескертті. 

- Түркістандағы құрылыс қарқыны бәсеңдемейді. Ең алдымен сапаға қойылатын талаптар жоғары. Қажет болған жағдайда құрылыс нысандарына қосымша күш тартылады,- деді облыс әкімі.

Түркістандағы тұрғын үйлерге сұраныс көп. Баға тұрақты. Әкім олардың сейсмикалық жағдайын бақылауда ұстауды, баспаналардың талапқа толық сай салынуын қадағалауды ескертті. 

Әкімшілік - іскерлік орталықта 60 көпқабатты үйдің құрылысы аяқталуға жақын. 

Облыс басшысына Түркістан қаласы аумағына пайдаланылатын ағын сулары бойынша жұмыстар да баяндалды. Жалпы жасыл желектерге жарты жылда пайдаланылатын су көлемі 10 млн м3. асады. 5 бірден су босату нүктесінен жалпы тəулігіне 50 мың м3 астам ағын су алынуда. Ай сайын 1,5 млн м3 асатын ағын су пайдаланылады. 

Д. Сатыбалды сонымен бірге Яссы көшесі мен «Отырар» шағынауданын абаттандыру жұмыстарын қадағалады. Исмаилов көшесіндегі канал мәселесі де тексерілді. Қаланы көгалдандыру жұмыстары үшін 15 сектор жасақталған. 2020-2021 жылдағы аудан, қалалар тарапынан тарапынан 70 000 көшет, 63000 м2 көгал отырғызылған.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Конституциялық сотқа тікелей жүгіну – конституциялық бақылау органының басты ерекшелігі
  • Заңмен тыйым салынған вейппен күрес тоқтамайды
  • Волонтерлер жемқорлыққа қарсы
  • Жүргізушіге қойылған талапты мопед иелері де сезінсе
  • Алаяқтықтың өте қауіптісі — интернет алаяқтық
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер