Түркістанда ТМД-дағы медициналық интеграциялауды дамыту мәселесі талқыланды

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық жөніндегі Кеңесінің 35-ші мерейтойлық отырысы аясында Түркістанда ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинияттың төрағалығымен "Цифрлық денсаулық сақтау мен телемедицинаны дамыту" атты дөңгелек үстел отырысы өтті.

Screenshot_65.jpg

Отырысқа ТМД денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық жөніндегі кеңестің мүшелері, ТМД электрондық денсаулық сақтаудың ұлттық жүйелерін интеграциялау мәселелері жөніндегі жұмыс тобының мүшелері және Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстанның өкілетті өкілдері, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық өңірлік бюросының, Еуразиялық даму банкінің цифрлық бастамалар дирекциясының өкілдері, сондай-ақ ТМД Атқарушы комитетінің өкілдері қатысты.

ҚР ДСМ-нің басшысы отырыс барысында қазіргі Қазақстан әлемдік үрдістерден тыс қалмайтынын және медицина саласы ауруларды анықтау, алдын алу, ден қою және бақылау саласында жаңа білімді қалыптастыру және практикалық шаралар әзірлеу үшін цифрлық құралдарды белсенді пайдаланатынын атап өтті. 

"Пандемия Қазақстан үшін қоғамдық денсаулыққа байланысты төтенше жағдайларға дайындық және онымен күрес саласындағы процестер мен деректерді цифрландыруға көбірек көңіл бөлуге түрткі болды", - деп атап өтті А.Ғиният.

ҚР ДСМ-нің Электрондық денсаулық сақтауды дамыту департаментінің директоры Фархад Бекболатов дөңгелек үстелге қатысушыларды денсаулық сақтау жүйесінің барлық деңгейлерінде пандемиямен күресу үшін белсенді пайдаланылған, Қазақстанда іске асырылған бірнеше цифрлық жобалар туралы хабардар етті. 

Тұрғындар үшін пациенттің жеке кабинетіндегі eGov электрондық үкімет порталындағы және eGovMobile мобильдік қосымшасындағы бірқатар цифрлық сервистер іске асырылған. Олар: вакцинация паспорты; " Вакцинация","вакцинацияға жазылу"; клиникалық қызметтерді көрсету бағыттары мен нәтижелері; электрондық рецептілер; ауруханаға жатқызу жолдамалары мен үзінді көшірмелер.

Цифрлық трансформация аясында eHealth электронды денсаулық сақтаудың жаңа сандық архитектурасына көшу жұмыстары басталды. 

eGovMobile мобильді қосымшасында жаңа «eGov.Densaulyk» бөлімі әзірленуде, ол халыққа арналған неғұрлым ауқымды ақпаратты, атап айтқанда донорлық мәртебесі (өмір бойғы); электрондық рецептілер; медициналық су таратқыштар туралы мәліметтер; жүкті әйелдерді есепке алу; диспансерлік есепке алу; емдеуге жатқызу фактісі; вакцинациялау; зертханалық зерттеулер нәтижелері; көрсетілген клиникалық-диагностикалық қызметтер және еңбекке жарамсыздық парақтары бойынша ақпаратты қамтиды.

Беларусь, Өзбекстан, Армения және Ресей өкілдері де өз елдеріндегі цифрлық денсаулық сақтауды дамыту туралы баяндады.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Конституциялық сотқа тікелей жүгіну – конституциялық бақылау органының басты ерекшелігі
  • Заңмен тыйым салынған вейппен күрес тоқтамайды
  • Волонтерлер жемқорлыққа қарсы
  • Жүргізушіге қойылған талапты мопед иелері де сезінсе
  • Алаяқтықтың өте қауіптісі — интернет алаяқтық
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер