Түркістанда жыл басынан бері 15 мыңнан аса көшет егілген

Түркістан қаласында 45 саябақ, 34 гүлзар және 9 жасыл алаң бар. Оларды күтіп-баптау жұмыстары қалалық әкімдік тарапынан қатаң бақылауға алынған. Мәселен, биыл жалпы аумағы 380 гектарды құрайтын қаладағы талдар дәріленіп, тыңайтылған.

Screenshot_9.jpg

Бұдан өзге, саябақтар мен гүлзарларда кіші сәулет мүсіндері, орындық, жарықшамдар, аяқжолдар мен балалар ойын алаңдары сырланып, қайта қалыпқа келтірілді. Жыл басынан бері 12,2 гектар аумақта 15 036 дана көшет егілген. 

Сонымен қатар, 9 000 шаршы метр аумақ көгалдандырылды. Шекті Тілеу Жолдаяқ, Байбұрт, С.Қожанов, Ж.Майкөтов көшелері мен мен Есімхан алаңына 11 900 дана қылқан және түрлі жапырақты талдар отырғызылды. Ж. Майкөтов көшесіндегі «Желілік саябақта» көгалдандыру және абаттандыру жұмыстары жалғасуда.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Білім деңгейін дамытудың жаңа бағыттары айқындалды
  • В Казахстане не намерены закрывать русские классы
  • Өскеменде Ғ.Байтасов атындағы XX мерейтойлық республикалық жас жол инспекторларының слёті басталды
  • Глава государства выступил на конференции ООН
  • Мемлекет басшысы БҰҰ конференциясында сөз сөйледі
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер