Түркістанда аналогы жоқ «Алтын домбыра» сақтаулы тұр

Түркістандағы «Ұлы Дала елі» орталығында алтынмен апталған аналогы жоқ «Алтын домбыра» сақтаулы тұр. Орталықтың ғылыми қызметкері Айман Мирзабековның айтуынша, домбыраның іші ағаштан жасалған. Ал, бірінші қабаты күміспен қапталып, үстіңгі жағы алтын және брилиант тастармен көмкерілген. Тіпті жіптеріне де алтын жалатылған. 

Screenshot_44.jpg

Әйнекпен қоршалған арнайы орынға қойылған ұлттық аспапты музейге келушілер еркін тамашалай алады. 

«Алтын домбыраны» түркістандық айтыскер ақын Бекарыс Шойбеков 2021 жылы «Тәуелсіздік қасиетім, қастерлім!» атты республикалық ақындар айтысында жеңіп алған болатын. Содан Түркістанға келген соң, «Алтын домбыраны» «Ұлы Дала Елі Орталығына» салтанатты түрде табыстады. Салтанатты шараға Халықаралық айтыс ақындарымен жыршы термешілер одағының төрағасы Жүрсін Ерман, айтыстың әділқазылар алқалары, Қазақстанның халық ақыны Әсия Беркенова, «Алтын домбыра» иегері Бекарыс Шойбеков және Министрліктің өкілдері қатысты» - дейді ол.

Жалпы алтын домбыраның салмағы 4 келіге жуық. Сондай-ақ, оны жасау үшін 4,5 келі күміс, 300 гр алтын, 15 дана брилиант, 300 гр мыс және ағаш пайдаланылған. Ұзындығы 98 см, ені 24 см құрайды. Сыртқы қорабын жасауға ағаш пен қола және алтын қолданылған. Қазақстанда аналогы жоқ ұлттық аспаптағы барлық жұмыс зергерлердің қолымен жасалған. 

«Домбыра тәулік бойы бақылауда, оған қол тигізуге болмайды. «Алтын домбыра» ақынның туған өңірінде келесі жылғы жеңімпаз анықталғанша сақталады. Сондай-ақ, өңірімізде түрлі мәдени-танымдық іс-шаралар өткізіп, бірегей тарихи және мәдени мұрамызды дәріптеу, құндылықтарын арттыру бойынша жұмыстар жүргізіліп келеді», – дейді орталық басшысы Гүлжанат Есенбаев 

Бүгінде алтынмен апталған ұлттық аспапты көру үшін орталыққа келуші түркістандықтар көбейген. Тіпті, қалаға келген туристерде арнайы тамашалап, тамсанып кетеді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Бүгінгі таңдау – ертеңгі болашақ
  • Сауран секторында кездесу өтті
  • Университетімізде республикалық референдум бойынша дөңгелек үстел өтті
  • АЭС – болашақтың энергиясы
  • Балдырғандар Түркістан қаласының полицейлермен бірге рейд жүргізді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер