Түркістан шаһарында экономикалық белсенді тұрғындар 66 мың адам

Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру, жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды және жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің өзге де шараларын ұйымдастыратын заңды тұлға ретінде Түркістан қалалық Халықты жұмыспен қамту орталығы жыл басынан бері жүйелі жұмыстар жүргізіп келеді. 

Screenshot_46.jpg

2022 жылы жұмыспен қамту шаралары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 12.10.2021 жылғы № 728 қаулысына сәйкес «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамытудың ұлттық жобасы»  бекітіліп, Жоба аясында бірнеше бағытта шаралар атқарылды.

Түркістанда еңбек қатынастарын үйлестіру, халықты жұмыспен қамту бағытында ұлттық жобалар аясында бағдарламалар айтарлықтай жүзеге асып жатыр. Соған байланысты әрбір атқарылған жұмыс оң нәтиже көрсетуде. 

Нақтылап айтқанда  «Еңбек» бағдарламасы аясында халықты нәтижелі жұмыспен қамту бағытында біршама табыстарға қол жеткізілді. Мемлекет басшысының  жарлығымен «Еңбек» бағдарламасы  2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамытудың Ұлттық жобасы болып өзгерді. Бұл жоба жаңа бағытта, жаңа форматта жүргізелетін болады. Жобаның негізгі мақсаты: халықты нәтижелі жұмыспен қамту, жұмыссыздықты азайту бағытында белсенді шараларды ұйымдастыру  болады. Осы ретте жобаның еңбек бағыты бойынша белсенді шараларына тоқталып өтейін. Жарты жылдықта біз қандай нәтижелерге қол жеткізу үстінде. Ақиқаты кәсіпкерлікпен айналысуға ниетті тұлғаларға қайтарымсыз грант қаражаттарын ұсынылуда. Биыл кәсіпкерлікті қолдау шараларында да өзгешіліктер көп. Былтыр 200 АЕК көлемінде болса,  биыл еке есеге артты. 400 АЕК көлемінде яғни, 1 млн 225 мың теңге көлемінде қаржы беріледі. Қайтарымсыз қаржылай қолдаудың талаптары да өзгерді. Ол әлбетте кез келген азаматқа берілмейді. Екі санаттағы: бірінші 29 жастағы жастарға, екінші кезекте әлеуметтік осал топтағы азаматтарға беріледі. Әлеуметтік осал топтың  ішінде негізгі категориялар бар. Олардың қатарында атаулы әлеуметтік көмек алушылар, көп балалы отбасылар, мүмкіндігі шектеулі азаматтар, мүгедек баласы бар отбасылар, асыраушысынан айрылған жағдайда  жәрдемақы алып отырған отбасылар, қоныс аударушылар (оның ішінде қандастар) жас ерекшелігіне шектеу қойылмаған зейнет жасына дейінгі жұмыссыз санатындағы тұлғалар болатын болса, осы азаматтарға  өздерінің бизнес идеясына сәйкес комиссия шешімімен мемлекеттік грант қаражатын ұсынатын  боламыз. Екінші белсенді  шара жұмыспен қамту, еңбек  бағытына арналған. Өздеріңізге мәлім, бүгінде  жастар арасында  жұмыссыздық белең алып отыр. ЖОО бітіріп жұмыс таппай жүрген жастар өте көп.Осы азаматтарға арналған «Жастар практикасы» деген бағыт бар. «Жастар практикасы» бұған дейін мерзімі 6 ай көлемінде болса, биылдан бастап 12 айға ұзартылды.Төленетін қаржы 30 АЕК, 91 мың 800 теңге көлемінде қарастырылған.  «Жастар практикасына» ЖОО-ны немесе арнаулы орта оқу орнын бітірген, диплом жарамдылығы  3 жылдан аспаған жастар қатыса алады. Биыл бұл бағытта 500 түлекті  жұмыспен қамтуды жоспарлаған едік, қазіргі таңда 363 азаматты мамандығына сәйкес  жұмысқа орналастырдық. Жұмыссыз жастарды қолдау шараларының бірі «Алғашқы жұмыс орны» деп аталады. Бұл бағытта әлеуметтік енжар санаттағы (NEET) санатындағы жастарға басымдық беріледі. Биыл біз осы санаттағы 30 адамды жұмыспен қамтуды жоспарлаған едік, бүгінде 35 адамды жұмысқа орналастырдық. «Алғашқы жұмыс орны» бағдарламасына қатысушыларынан диплом талап етілмейді, сондықтан мамандықсыз ұйымдастырылатын жұмыстар ұсынылды. Негізгі талабы: бұрын еш жерде жұмыс істемеген, аты айтып тұрғандай қатысушының алғашқы жұмыс орыны болуы  тиіс.  

Енді бір мәселе мамандығы жоқ, жеке кәсібі жоқ қарапайым азаматтар үшін Жобаның әлеуметтік жағынан тиімді бағыттары да баршылық. Орталыққа жүгінген осы санаттағы азаматтарға арналған  жобаның мынадай бағыттарын атап өтуге болады. 

Атаулы ұлттық жобаның бағыттарының бірі   «Қоғамдық жұмыс орны» деп аталады. Бұл уақытша сипатта ұйымдастырылатын жұмыстар. Қатысушылардың жас ерекшелігіне шектеу жоқ. Меншік нысанына да шектеу қойылмаған. Жұмыс беруші тарапынан сұраныс болса  ұйымдастыра береміз. Негізгі басым бағыттар: экономика және экология, тазалық, қаланы абаттандыру, көгалдандыру  және құжат өңдеу салалары бойынша болды. Жарты жылдық нәтижесінде 650 адам жоспарланған-ды, нәтижеде 804 адам қоғамдық жұмыстарға тартылды. Бұл бағыт жыл соңына дейін жалағасатын болады. Бұдан кейінгі белсенді шара «Әлеуметтік жұмыс орыны» деп аталады. Бұл   жұмыс берушінің  сұранысы негізінде ұйымдастырылатын жұмыс орындары. Мұнда да ерекше қойылатын талап жоқ, орталыққа жүгінген азаматтардың кәсіби біліктілігіне шектеу қоймаймыз, яғни бұған мамандығы жоқ азаматтар да қатыса алады. Әлеуметтік жұмыс орындары бағытында  жұмыс беруші бекіткен, өтінімде көрсеткен жалақы мөлшерінің  35 пайызын мемлекет субсидиялайтын болады. Бұл  әрине, жұмыс берушілер үшін де үлкен демеу болады деп есептеймін. Бұл бағытқа  жеке сектордағы нысандар қатыса береді. Биыл қаламызда 10-15 жұмыс беруші аталған бағдарламаға қатысуға  ниет білдірді. Олардың қатарында жиһаз цехы, тоқыма өндірісі, тігін цехтары бойынша жұмыс орындары, қоғамдық тамақтандыру мекемелері бар. Жалпы, биыл біз 226 жұмыссыз азаматты (негізі120 адам жоспарланған) әлеуметтік жұмыс орындарына бағыттап, жұмыспен қамтып отыр. 

Киелі шаһарда ұмыссыздық жоқ деп айтудан аулақпыз. Бір сөзбен айтқанда Түркістан қаласы бойынша еңбек индикаторында талдау жүргізетін болсақ барлығы анықталады. Мүлде бөлекше. Биыл шаһардағы экономикалық белсенді  тұрғындар 66 мың адамды құрайды. Олардың қатарында жұмыссыздар үлесі 5 пайызды құрайды. Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 3,5 пайызды құрайды бүгінгі таңда.  Жыл басынан бері орталыққа  жүгінген 3 мыңға жуық азамат жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысты. Олардың қатарында  450 азамат жұмыссыз жастар санатындағы азаматтар, қалғандары 29 жастан  асқан, зейнет жасына дейінгі орта жастағы   азаматтар. Жалпы,    жұмыссыздықтың әлеуметтік сипатына талдау жасау   біздің орталықтың функциясына енбейді. Онымен басқа мекеме айналысады. Дегенмен,  болжалды көрсеткіш: жұмыссыз ретінде тіркелген түркістандықтардың дені 30 жаспен 62 жас аралығындағы орта жастағы азаматтар болып отырғанын көрсетеді.

Осы тектес ұмыссыздық деңгейін төмендету  мақсатында кейбір нақты шаралар жүзеге асып жатыр. Тарқатып айтқанда ұлттық жобаны жүзеге асыруда мамандығы жоқ немесе өз мамандығы бойынша жұмыс таппай жүрген тұлғаларды қайта  даярлау курстарына оқытып жатырмыз. Биылдан бастап  бізде кәсіби оқыту екі бағытта жүргізеді. Бірінші кезекте жұмыс берушілердің сұранысы бойынша арнайы оқу ұйымдарында оқытатын болсақ, екінші  жұмыс берушінің сұранысы бойынша  жұмыс орындарында оқыту деген екі форматта жүзеге асады.  Яғни,  бұл дуальды оқыту деп аталады. Биылға 77 азаматты осы қайта даярлау курсында оқытып нәтижелі жұмыспен қамтуды жоспарлап отырмыз. Оқу ұйымында  оқытатын  кәсіби  оқу бағыты бойынша аспаз және тігінші мамандығын қарастырып отырмыз. Өйткені, жұмыс беруші  тарапынан осы мамандықтарға өтінім болып отыр. Яғни, еңбек нарығында осы мамандықтарға сұраныс бар. Қайта даярлау курстары қыркүйек айында жүргізіледі. Ал, жұмыс  орнында  дуальды оқыту форматында біз 23 азаматты оқытуымыз керек. Мұнда экурсовед (гид) мамандығы бойынша курстан өтетін болады. Түркістан қаласы туристік аймақ болғандықтан осы мамандыққа сұраныс болғандықтан жұмыс беруші тарапынан өтінім түсті. Оқу ұйымдарымен келісімшарттар түзілген. Курста  3 ай мерзімде оқиды. Мемлекет тарапынан 3 айға белгіленген мөлшерде шәкіртақы төленеді. Курсты бітірген азаматтарға сертификатпен бірге  жұмыс орнына жолдама беріледі. Жұмыс берушінің өтінімімен  оқытылғандықтан бітірушілер нәтижелі жұмыспен қамтылатын болады. 

Осы жылы  4000 азаматқа қызмет көрсету жоспарланған болса, ол артығымен орындалып 5400 азамат нәтижелі жұмыспен қамтылды. «Жастар практикасы» бойынша  400-ге жуық жасты өз мамандығына сәйкес жұмыспен қамтыдық, ол көрсеткіш жыл соңына дейін 500-ге жетпек. Жоғарыда айтып өттім, оның мерзімі жарты жылдан   1 жылға ұзартылды. Кез келген  саналы жас осы уақыт ішінде өзін жақсы қырынан танытып, сол мекемеде тұрақты жұмысқа қалуға ұмтылады.  Біз жұмыс берушіге осы азаматтардың барлығын жұмысқа аласыз деп талап қоя алмаймыз. Мысалы, 10 жас түлекті бағыттайтын болсақ, жұмыс беруші соның ішінен сенімін ақтаған  3-4 түлекті тұрақты жұмысқа алып қалады. Сайып келгенде, мұның бәрі жастарды қолдауға, жұмыссыз азаматтарға беріліп отырған мүмкіндік.  Жыл өткен сайын көрсеткішіміз жақсарып келеді. Жұмыссыздарды қолдауға бөлінген қаржы көлемі де жылдан жылға ұлғайып келеді. Мүмкіндіктеріміз де кеңейіп жатыр. Бұл әлбетте, белгілі бір деңгейде жұмыссыздықтың азаюына ықпал етеді деп ойлаймын. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Конституциялық сотқа тікелей жүгіну – конституциялық бақылау органының басты ерекшелігі
  • Заңмен тыйым салынған вейппен күрес тоқтамайды
  • Волонтерлер жемқорлыққа қарсы
  • Жүргізушіге қойылған талапты мопед иелері де сезінсе
  • Алаяқтықтың өте қауіптісі — интернет алаяқтық
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер