Түркістан қаласында жыл басынан бері жұмыспен қамту шараларымен 6912 тұрғын қамтылған

Бүгінде Түркістан облысында 97,1 мыңнан астам мүгедектігі бар адам тұрады. Оның ішінде бірінші топтағысы – 7 709, екінші топтағысы – 35 787, үшінші топтағысы – 38 689.

Screenshot_57.jpg

Сонымен қатар 14 916 мүгедектігі бар бала бар. Олардың барлығы мемлекеттің қамқорлығында. Елімізде мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау ҚР Конституциясымен, «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы» Заңымен және өзге де нормативтік-құқықтық актілерімен реттеледі. Атап айтқанда, мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңына қол қойды. Еліміздің 65 Заңына және 11 Кодекске өзгерістер енгізілді. 

 Заңмен көзделген өзгерістер арасындағы «мүгедек» деген сөзін «мүгедектігі бар адам» деген сөздермен және «мүгедек балаға» «мүгедектігі бар бала» деген сөздермен өзгертілді. «Рабилитация» ұғымын енгізу бойынша мүгедектігі бар адамдардың тұрмыстық, қоғамдық және кәсіптік қызметке қабілеттерін қалыптастыруға және дамытуға бағытталған шаралар кешені әзірленді. Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияларды ашу жөніндегі нормативтер 60 мың баладан 50 мың балаға дейін төмендетілді. Денсаулық сақтау ұйымдарында мүгедектігі бар адамдарға бірінші кезекте қызмет көрсету құқығы айқындалды. Мүгедектігі бар баланы санаторий-курорттық емдеуге алып жүретін заңды өкілдердің біріне санаторий-курорттық ұйымда болу құнын халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын санаторий-курорттық емдеу құнын өтеу ретінде ұсынылатын кепілдік берілген сома 70 пайыз мөлшерінде өтелетін болды. сонымен қатар, такси тасымалдаушыларында10 автомобильге мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау бойынша бір мамандандырылған автокөліктің міндетті түрде болуы белгіленді. Бұл аталған норма 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін болады. Құқықтық және техникалық сипаттағы нотариаттық іс-әрекеттер жасау кезінде жеке нотариустардың қызметтеріне ақы төлеуден босатылған адамдар санатына үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдар қосылады. Қазақстан Республикасының аумағында адам саудасының құрбандары ретінде анықталған және сәйкестендірілген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға арнаулы әлеуметтік қызметтер мен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі ұсынылады. Мүгедектігі бар адамдардың мүдделерін сақтай отырып, «электрондық үкімет» веб-порталының компоненттерінде интернет-ресурстар құрылады және ақпарат орналастырылады. Мүгедектігі бар адамдарға заңгерлік-консультациялық қызметтер көрсету мақсатында мүгедектігі бар адамдар мәселелері бойынша аудандар, қалалар әкімінің штаттан тыс кеңесшісі тағайындалады.

Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік оңалту олардың тыныс-тіршілігінің шектеулерін еңсеруі үшін жағдайлар жасауға, әлеуметтік мәртебесін қалпына келтіруге, олардың әлеуметтік-тұрмыстық және қоршаған ортаға бейімделуіне бағытталған. Олар ҚР заңнамасына сәйкес оңалтудың жеке бағдарламасы бойынша протездік-ортопедиялық, сурдо-тифлотехникалық, міндетті гигиеналық құралдармен, кресло-арбалармен, санаторий-курорттық емдеумен, жеке көмекшінің, ымдау тілі маманының қызметтерімен және басқа да әлеуметтік оңалту құралдарымен қамтамасыз етіледі.

Түркістан облысында биыл мүгедектігі бар азаматтарды әлеуметтік қолдауға барлық деңгейдегі бюджеттер есебінен 6,4 млрд. теңге қарастырылды. 1 қыркүйекке дейінгі мәлімет бойынша жеке оңалту бағдарламасының орындалу деңгейі 76,6 пайызды құрады. 2021 жылғы қаңтардан бастап мүгедектігі бар адамдар үшін әлеуметтік қызметтер порталына толық көшу жүзеге асырылды.Порталға оңалту құралдары мен қызметтерін өз бетінше таңдау құқығы (олардың рейтингін, басқа пайдаланушылардың пікірлерін, құны мен сапасын ескере отырып), оларды алу мерзімдерін қысқарту, бизнес-процестердің ашықтығы, кең ассортимент және неғұрлым қымбат тауар үшін қосымша ақы төлеу мүмкіндігі берілген. Бүгінде порталда 100-ден астам өнім беруші тіркелген. Осы талап тұрғысынан бұл бұрынғы тәсілге қарағанда анағұрлым тиімді деп санаймын.Жүріп-тұруы қиын, кресло-арбамен және жеке көмекшінің қызметтерімен қамтамасыз етуге көрсеткіштері бар І және ІІ топтағы мүгедектігі бар адамдарға қолдаудың қосымша шарасы ретінде «инватакси» қызметтері қамтылған. Облыс бойынша 35 инватакси және 42 әлеуметтік такси жергілікті бюджет қаражаты есебінен тасымалдау қызметін көрсетеді.

Соның ішінде Түркістан қаласында ерекше қажеттілігі бар 9523 азамат өмір сүреді. Сала мамандарының мәліметтеріне сүйенсек ерекше қажеттілі қажеттілігі бар 3585 тұрғынға қажетті медициналық құралдар берілген.

Аталған азаматтарға мемлекет тарапынан жан-жақты жәрдем түрлері қарастырылған. Биыл 380 азамат протез ортопедиялық құралдар, 270 тұрғын сурдо техникалық құралдармен 117 азамат, тифло техникалық құралдармен 283 адам қамтамасыз етілген. Одан бөлек, мүгедектігі бар 401 азамат жеке көмекші қызметіне жүгінсе, 95-і ымдау тілі маманы қызметімен қамтамасыз етілген.

Жыл басынан бері, 1595 азаматқа міндетті гигиеналық құралдар берілген.

Автокөлікпен тасымалдауда 151азамат инватакси, 8 тұрғын әлеуметтік такси қызметіне жүгінді. Бүгінге дейін ерекше қажеттілігі бар 245 азамат қоларбамен қамтылды.

Мүгедектігі бар адамдардың әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы нысандарына кедергісіз кіруге конституциялық құқықтарын сақтау мақсатында облыста мүмкіндігі шектеулі адамдар жиі баратын объектілерде кедергісіз орта құру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Айта кетейін, 2012-2020 жылдары 3 472 нысан паспортталды. Ал, биыл «Amanat» партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында 516 нысанды бейімдеу жоспарланған. Бұл мақсатта жергілікті бюджет және демеушілер есебінен 177,7 млн. теңге қаралған. Мүгедектігі бар адамдарға қолжетімді орта қалыптастыру шараларына зерделеу жүргізу мақсатында әр аудан, қала деңгейінде «Amanat» партиясы Түркістан облыстық филиалы партияның «Кедергісіз келешек» жобасы аясында мониторингтік жұмыс тобы құрылды. 

Реті келгенде айта кетейік, Кентау қалалық мониторингтік топ мемлекеттік және жекеменшік мекемелерге қолжетімді орта қалыптастыру және әдістемелік көмектер көрсетіп, қолданыстағы ережелер жиынтығының талаптарына сәйкестендіру туралы түсіндірме жұмыстарын қолға алды. Нәтижесінде, 27 мекемеге айыппұл салынып, түзету жұмыстары жүргізілуде. Қолжетімділік көрсеткіштерін жоспарлы арттыруды қамтамасыз ету үшін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бейімделген объектілер бойынша мәліметтер көрсетілетін «қолжетімділіктің интерактивті картасын» әзірлеп, іске қосты.

Өңірімізде 97,1 мың мүгедектігі бар адамның 58,3 мыңы немесе 60%-ы жұмыс істеуге қабілетті. Осы ретте Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 30 сәуірдегі  «Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы» заңының 31-бабына және 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» заңының 27-бабына сәйкес азаматтардың жекелеген санаттарын, оның ішінде мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квоталар бекіту қарастырылған. Осыған орай 2022 жылғы 13 маусымдағы ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің № 498 бұйрығымен ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санын 2-ден 4 пайызға дейін көбейтуге  квота мөлшері бекітілген. 2022 жылы мүгедектігі бар адамдар үшін жалпы облыс бойынша 227 мекемеден 278 адамға жұмыс орындарының квотасы бекітіліп, биылғы 1 қазанға дейінгі мәлімет блйынша нақты 106 адам жұмыспен қамтылған. Бұдан бөлек,  «2021–2025 жылдары кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы» шеңберінде 3 мың мүгедектігі бар адамдарды жұмыспен қамту шараларына жолдау жоспарланып, қазіргі кезеңге 3 810 адам жұмыспен қамтылды. Оның ішінде 1 012 адам тұрақты, 2 653 адам уақытша жұмыспен қамтылып, 126 адамға грант берілді. 

19 адам кәсіптік оқуға жолданды. Мысалы, Жетісай ауданындағы үшінші топтағы мүгедектігі бар адам Б.Бейсенов биыл жаңа бизнес идеясы үшін грант алып, темірден есік, балалар алаңшасына ойын-сауық құралдарын жасайтын дәнекерлеу цехын ашты. Кентау қаласындағы осындай санаттағы Б.Байдүйсенов те грант алып, тез жиналмалы лего қабырға жасайтын цехты жетілдіру үстінде. 

Түркістан қаласында жыл басынан бері жұмыспен қамту шараларымен 6912 тұрғын қамтылған. Қоғамдық жұмыс орындарына - 843 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына - 125 азамат , жастар практикасы бойынша - 501 тұрғын жұмысқа жолданды. Тұрақты жұмыс орындарына - 3271 азамат, алғашқы жұмыс орнына - 35 тұрғын орналасты. Кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған мемлекеттік қайтарымсыз грант - 190 тұрғынға тағайындалды. Қазіргі таңда жұмыспен қамтудың шаралары бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Конституциялық сотқа тікелей жүгіну – конституциялық бақылау органының басты ерекшелігі
  • Заңмен тыйым салынған вейппен күрес тоқтамайды
  • Волонтерлер жемқорлыққа қарсы
  • Жүргізушіге қойылған талапты мопед иелері де сезінсе
  • Алаяқтықтың өте қауіптісі — интернет алаяқтық
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер