Түркістан қалалық әкімдігінің мәжіліс залында Түркістан қалалық мәслихатының кезекті жиырмасыншы сессиясы өтті. Аталған отырысқа қала әкімі Н.Тұрашбеков, қала әкімінің орынбасарлары, қала әкімінің аппарат басшысы мен дербес бөлім басшылары, қалалық мәслихат депутаттары және БАҚ өкілдері қатысты. Сессияны қалалық мәслихат хатшысы М.Таңғатаров жүргізді.
Жиында күн тәртібінде 8 мәселе қаралды:
1. Қала әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемкорлыкка қарсы күрес жүргізу мәселелері жөніндегі комиссиясының 2022 жылдың 9 айында атқарған жұмыстарының есебі.
2. Түркістан қалалық мәслихатының 27.03.2020 жылғы №62/304-VI «Түркістан қаласы әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу.
3. Түркістан қалалық мәслихатының 12.07.2021 жылғы №9/46-VII «Түркістан қаласы әкімдігі жанындағы құқық бұзышылық профилактикасы жөніндегі ведомоствоаралық комиссия құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу.
4. Түркістан қалалық мәслихатының 2021 жылғы 15 қыркүйектегі №11/55-VII «Түркістан қаласы әкімдігінің дербес құрамын бекітуге келісім беру туралы» шешіміне өзгеріс енгізу.
5. Түркістан қаласы әкімдігінің «Кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі» комиссиясының 2022 жылдың 9 айында атқарған жұмыстарының есебі.
6. Қала әкімдігінің «мәдениет тілдерді дамыту, дене шыныктыру және спорт» бөлімінің 2022 жылдың 9 айында атқарған жұмыстары туралы.
7. Түкістан қаласында 2022-2023жылдардағы қысқы маусымға дайындық жұмыстарының барысы.
8. Қала әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуының есебі.
Сессия соңында күн тәртібіндегі 8 мәселе депутаттар тарапынан дауысқа салынып, шешім шығарылды. Сонымен қатар, қалалық мәслихат депутаттары қала әкіміне бірнеше ұсыныстар білдірді.