Түркістандағы марафонға 2 мыңға жуық азамат қатысты

Облыс орталығы Түркістан қаласында «Turkistan Marathon-2022» шарасы өтті. Эстафеталық сайысқа еліміздің түкпір-түкпірі мен алыс-жақын шетелден келген 2 мыңға жуық адам қатысып, бақтарын сынады.

Screenshot_46.jpg

Спортсүйгіш жандардың басын қосатын бұл ауқымды жоба шаһарымызда осымен 2-ші рет өткізілуде. Сайыстың ашылу салтанатына Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов қатысып, белсенді жандарға сәттілік тіледі. 

Еліміздің өзге аймақтары мен Өзбекстан, Тәжікстан және Түркия сынды шет мемлекеттерден келген қатысушылар бақтарын сынап, жеңіс тұғырынан көрінуге күш салды. 

Марафоншылар 3, 10, 21 шақырым қашықтықтарда жүгірді. «Керуен сарай» кешені алдынан бастау алып, Б.Саттарханов даңғылының бойымен Шымкент бағытына қарай Ж.Майкотов көшесіне дейінгі аралықты қамтыды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, эстафета қатысушылары бірнеше санат бойынша іріктелген. Атап айтқанда, 10 мен 15 жас аралығы, 16 мен 39, 40 пен 49 жас аралығы сонымен қатар 60 пен одан жоғары жастағылар болып бөлінген.

Сайыс қорытындысында мәреге бірінші жеткендерге қаржылай сыйлық табыс етілді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістан облысында су үнемдеу мәселесі талқыланды
  • Түркістан облысының оқушысы ҰБТ-дан ең жоғары 140 ұпай жинады
  • Саясат Нұрбек Түркістан облысына келді
  • Денсаулық сақтау министрі Түркістан облысында медициналық мекемелердің жұмысымен танысты
  • Түркістанда Мархабат Байғұттың 80 жылдығына арналған халықапралық симпозиум өтеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер