Құтқарушыларға құрмет көрсетілді

Түркістан қалалық әкімдігінің ғимаратында “19 қазан - Құтқарушылар күніне” арналған салтанатты іс-шара өтті. Іс-шараға қала әкімінің орынбасары Байдулла Оразбеков және Түркістан қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы бастығының орынбасары, азаматтық қорғау подполковнигі Арман Алпысбаев қатысты.

Screenshot_67.jpg

“Құтқарушы қарапайым болғанымен қоғам алдында мәртебесі жоғары. Ел игілігі жолында кәсіби міндетін бұлжытпай орындап, қызмет бабында қайсарлық пен өжеттік көрсетіп, ең басты байлық – адам өмірін түрлі апаттар мен қауіп-қатерлерден сақтап қалу, төтенше оқиғаның алдын алу мақсатында аянбай еңбек етіп, қырағылық танытып жүрген батыр азаматтарға халықтың айтар алғысы мен ризашылығы қашанда зор” – деді қала әкімінің орынбасары.

Жиында Азаматтық қорғау органдарында және азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін дамытуға және нығайтуға өз үлесін қосқан, елдің тыныс-тіршілігінің қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі қажырлы еңбегімен ерекшеленген қызметкерлер мен жедел жағдайлар саласына жауапты сектор мамандары марапатталды.

Жалпы, жыл басынан бері Түркістан қаласында өрт, газдан улану, суға кету секілді 327 оқиға тіркелген. Жергілікті құтқарушылар осындай қауіпті сәттерде жедел қимылдап, талай жанды аман алып қалған.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Конституциялық сотқа тікелей жүгіну – конституциялық бақылау органының басты ерекшелігі
  • Заңмен тыйым салынған вейппен күрес тоқтамайды
  • Волонтерлер жемқорлыққа қарсы
  • Жүргізушіге қойылған талапты мопед иелері де сезінсе
  • Алаяқтықтың өте қауіптісі — интернет алаяқтық
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер