Түркістанда балалар жылына орай өткен республикалық айтыс жеңімпазы тұлпарға ие болды

Бүгін Түркістандағы Оқушылар сарайында «Балалар жылына» және 25 қазан – Республика күніне орай «Жас тұлпарлар жырлайды» атты республикалық оқушылар айтысы өтті. 

Screenshot_4.jpg

«Оқушылар сарайы» мен «Балалар мен жасөсіпірімдер орталығының» ұйымдастыруымен өткізілген айтысқа Алматы, Қызылорда, Жамбыл, Түркістан облысының және Шымкент қаласының жас айтыскерлері қатысты.

Аламан айтысқа Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы, Сауран аудан әкімдігі және «Қуаныш» сауда орталығы демеушілік жасап, қолдау көрсетті.

Төрт сағатқа созылған айтыстың қорытындысы бойынша, республикалық айтыстың бас жүлдесін түркістандық Шахмардан Бекарысұлы еншіледі. Бірінші орынға шымкенттік Аллажар Бекмұратұлы ие болды. Аламан додада суырылып шыққан қос жас ақынға бір-бір тұлпардан берілді. Екінші орынды Болат Тәңірберді (Алматы қаласы) және Құлахмет Елсияр (Шымкент қаласы) өзара бөлісті. Ал үшінші орынды Төленбек Дінмұхаммед (Бәйдібек ауданы), Болат Мейіржан (Түркістан қаласы), Абдрайм Бағдат (Шымкент қаласы), Жүнісбек Айсұлу (Жамбыл облысы) және Бектай Ұлықбек еншіледі.

Барлық айтыскер ақындарға арнайы алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табысталды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістанда биологиялық белсенді қоспалар мен дәрумендер өндіретін жаңа зауыт ашылуы мүмкін
  • Сайрамдық 32 отбасы баспаналы болды
  • Түркістан облысында ел тарихында алғаш рет 32 мың гектар жерге тамшылатып суғару жүйесі енгізілді
  • Түркістан: Отбасын қолдау орталықтарында жыл басынан бері 4 мыңнан астам қызмет көрсетілген
  • Саурандықтар түркиядағы кәсіпорындармен келіссөз жүргізді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер