Рухани астанада туристік маусым әлі де жалғасуда. Оған дәлел –демалыс күндеріне жоспарланған бірқатар концерттік бағдарламалар. Жақын күндері «Керуен сарайда» танымал әншілердің концерттері жоспарланған.
28 қазанда – Argonya, 29 қазанда – Назима, 5 қарашада – M'dee өнер көрсетеді. Сондай-ақ 30 қазанда «Turkistan Marathon 2022» марафоны аясында «Керуен сарайда» бірқатар спорттық және мәдени іс-шаралар өткізіледі.
Қараша айының 4-і мен 12-сі аралығында сағат 19.00-де Түркістан амфитеатрында қазақ эстрадасының өкілдері әр аптаның демалыс күндерінде концерттер өткізеді. Атап айтқанда, 4 қарашада – Qanay мен Ali Otenov, 11 қарашада – Ayree мен Qazybek Quraiysh, 12 қараша күні – Yenlik, Rauana мен Dosekesh сынды әншілер келушілерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды. Кіру тегін. Аталған іс-шаралар ҚР МСМ және Kazakh Tourism ұлттық компаниясының қолдауымен ұйымдастырылған.