«Жасыл челлендж» іс-шарасы Түркістанда жалғасты

Түркістан облысының мектептерінде «Green challenge» ағаш отырғызу республикалық шарасы өтті. Қазақстанның экологиялық қоры мұрындық болған экошара Түркістан қаласының Мырзахан Пошанов атындағы №21 мектебінде және Кентау қаласының Ы.Алтынсарин атындағы №1 қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы мектеп-гимназиясында ұйымдастырылды.

Screenshot_9.jpg

Республика күні мерекесіне орай өткен шараға өңірдің әкімшілік қызметкерлері мен білім басқармасының өкілдері, Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының басшылығы мен қызметкерлері, Қазақстанның экологиялық қорының мүшелері, мектеп ұжымы мен оқушылары, қоғам қайраткерлері қатысты. 

Биыл Жеңіс күні қарсаңында Астана қаласының №43 қосымша білім беру мектеп орталығы алаңында бастау алған экошара Маңғыстау, Павлодар облыстарында жалғасып, енді челленджді киелі Түркістан өңірі қабылдады.

Қазақстанның экологиялық қорының президенті Айгүл Абдуалиеваның айтуынша, биыл елімізде «Жасыл челлендж» аясында мыңнан астам табиғат жанашыры еліміздің түкпір-түкпірінде ағаш отырғызған. 

Айта кетейік, ағаш отырғызу республикалық шарасы «Жастар арасында экологиялық мәдениетті нығайту жөніндегі шаралар кешенін әзірлеу және іске асыру» гранттық жобасы аясында ҚР Ақпарат және әлеуметтік даму министрлігі мен Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы және Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен өтуде.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Конституциялық сотқа тікелей жүгіну – конституциялық бақылау органының басты ерекшелігі
  • Заңмен тыйым салынған вейппен күрес тоқтамайды
  • Волонтерлер жемқорлыққа қарсы
  • Жүргізушіге қойылған талапты мопед иелері де сезінсе
  • Алаяқтықтың өте қауіптісі — интернет алаяқтық
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер