Түркістандық жас футболшы халықаралық турнирде «Үздік шабуылшы» атанды

Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Байдулла Оразбеков жас футболшы Бейбарыс Сұлтанбекұлын қабылдады.

Screenshot_16.jpg

Футболдан Грекияның Афина қаласында өткен халықаралық турнирде түркістандық жас футболшы "Тұран" командасының сапында ойнап, "үздік шабуылшы" атағын алған болатын. Франция, Сербия, Албания, Украина сынды мемлекеттердің жас балғындары қатысқан бәйгеде команда капитаны Бейбарыс Сұлтанбекұлы 14 гол салып, үздік алты сұрмергеннің қатарына енген.

Оған дейін жас спортшы футболдан Қазақстан чемпионатында күміс жүлде, республикалық турнирлерде жеңімпаз атанып келген. Футболшыны арнайы қабылдаған Байдулла Жұмадуллаұлы шаһар басшысының арнайы Алғыс хаты мен сыйлығын табыстады. Спортшыға ізгі тілегін айтып, алдағы жарыстарда биіктерден көрінетініне сенімін білдірді.

Сонымен бірге, команда жаттықтырушысы Марат Хожаахметұлының ұсыныс тілектерін тыңдап, қала спортының дамуында атқарған еңбектері үшін марапаттады.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «AMANAT» партиясы халықтың әл-ауқатын арттыру бағытындағы бастамаларды талқылады
  • ФинIQ – тест на финансовую грамотность
  • ФинIQ – қаржылық сауаттылыққа арналған тест
  • «Құқықтық мәдениет – жарқын болашақ кепілі» атты жастар форумы өтті
  • Облыстық фракцияның жиынында қысқы маусымға дайындық мәселелері пысықталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер