Түркістан облысында жастар тойы әнұранмен ашылды

Түркістан облысында жастар тойы Әнұранмен ашылды. Түркістан қаласының тұрғыны Мейіржан мен Ақботаның шаңырақ көтеру тойы Республика күнімен қатар келді. Ұлттық мерекеде жас отбасылардың үйлену тойына келген қонақтар ерекше жайттың куәсі болды.

Screenshot_21.jpg

Тойдың ашылу салтанаттында жиналған көпшілік қолдарын жүрек тұстарына қойып, Әнұранды орындады. 

Желіде тараған видеодан қос жұптың артында екі жігіттің мемлекеттік Туды ұстап тұрғанын көруге болады. Ал, биші қыздар мен той иелері көпшілікпен қосылып, Әнұранды шырқады. Одан соң, салтанатты түрдегі неке қию рәсімін жасаған.

Facebook парақшасында жарияланған жазбаға оқырмандар «Мәссаған, керемет, ерекше екен», «Қандай күшті! Бақытты болсын!», «Осы тойға барғым келіп кетті ғой» деп таңданыстарын білдіріп, қызығушылық танытқан. Сондай-ақ, жас жұбайларға бақыт тілеп, алғыстарын айтқан.

Айта кетейік, Мейіржан Сайфуллаев Түркістан облыстық Қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-де қызмет атқарады.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістан облысында су үнемдеу мәселесі талқыланды
  • Түркістан облысының оқушысы ҰБТ-дан ең жоғары 140 ұпай жинады
  • Саясат Нұрбек Түркістан облысына келді
  • Денсаулық сақтау министрі Түркістан облысында медициналық мекемелердің жұмысымен танысты
  • Түркістанда Мархабат Байғұттың 80 жылдығына арналған халықапралық симпозиум өтеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер