Республика күнінің жаңа мәртебесі жастарға жігер берді

Жастар арасында «Республика» деген не, қандай мағына береді деген сарында сұрақтар туындап, бұл мерекенің маңыздылығына қызығушылық танытқандар бар.

Screenshot_24.jpg

"Республика" сөзі латын тілінен аударсақ, Respublіka – "халық игілігі", "ортақ іс" деген мағына береді. Республиканың қозғаушы принципі — саяси ізгілік, яғни Отанға деген сүйіспеншілік.

Екінші, республика деген егемен елдің атрибутикасы. Ол Әнұран, біздің Туымыз және Елтаңбамыз. Біздің көк Туымыз біздің мақтанышымыз, әлемдегі спорттық, басқа да додаларда жүлделі орын алған кезде біздің Туымыз және Әнұранымыз шырқалып, бойымызға қуаныш пен мақтаныш сезімі ұялайды. 

Мәселен, көп этнос мекен ететін Франция немесе АҚШ-та мемлекет құраушы елдің егемендігін және елді біріктіретін символдарды өте қатты құрметейді. 

Республика күнімен құттықтай отырып, Түркістан жастарын елді сүюге, құрметтеуге және Отанымыздың өсіп-өркендеуіне аянбай қызмет ете беруге шақырамын!

Ерасыл ТӨЛЕБАЕВ,

Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының "Жастар ресурстық орталығы" КММ-нің басшысы

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістан облысында су үнемдеу мәселесі талқыланды
  • Түркістан облысының оқушысы ҰБТ-дан ең жоғары 140 ұпай жинады
  • Саясат Нұрбек Түркістан облысына келді
  • Денсаулық сақтау министрі Түркістан облысында медициналық мекемелердің жұмысымен танысты
  • Түркістанда Мархабат Байғұттың 80 жылдығына арналған халықапралық симпозиум өтеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер