Түркістанға келушілер 500 жыл бойы ұмыт болған "Хәлім" асынан дәм тата алады

Түркістанда 500 жыл бойы ұмыт болған дәстүр қайта жаңғырды. Ежелде Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің асханасында дайындалған "Хәлім" асы жұма намазынан кейін барлық саяхатшылар мен мұқтаж жандарға және қажыларға таратылған.

Screenshot_30.jpg

Бүгін аталған дәстүрге сай тарихи тағам кесенеге келушілерге ұсынылды.

«Ертеректе «хәлім» асы дәстүр бойынша жұма мен дүйсенбі күндері дайындалып, таратылған екен. Біз оны тарихшылардан сұрап білдік. Ал, біз аптасына екі рет тарататын боламыз. Жұма күні зияратшыларға, сенбі күні туристерге арнап жасаймыз» -дейді ұйымдастырушы Айко Төкен.

Кей деректерле «әлім ботқасы», «халім асы», «атала көже» аталып келген тағам ет пен бидайды суға қайнатуы арқылы жасалады. Ал, оны ыдысқа құймас бұрын қариялар бата беріп, елдің амандығын тілеген.

Айта кетейік, іс-шара ҚР Мәдениет және спорт министрілігі, Kazakh Tourism ұлттық компаниясы қолдауымен өтті.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Конституциялық сотқа тікелей жүгіну – конституциялық бақылау органының басты ерекшелігі
  • Заңмен тыйым салынған вейппен күрес тоқтамайды
  • Волонтерлер жемқорлыққа қарсы
  • Жүргізушіге қойылған талапты мопед иелері де сезінсе
  • Алаяқтықтың өте қауіптісі — интернет алаяқтық
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер