Облыстық Ыбырай Алтынсарин атындағы балалар кітапханасында апталық өтті

Түркістан облыстық Ыбырай Алтынсарин атындағы балалар кітапханасында «Асқақтай бер, айбынды Қазақстан!» атты апталық өтті. Республика күніне орай ұйымдастырылған апталық тақырыпқа сəйкес жасақталған көрмемен ашылып, алғашқы күні кітапхананың тұрақты оқырмандары өлең оқып, əуезді əн шырқады.

Screenshot_33.jpg

Апталықтың екінші күнінде «Республика күні – елдің мемлекет құру жолындағы тарихи қадамның символы» тақырыбында тарихи сағат ұйымдастырылды. Шара барысында кітапхана қызметкері Махаббат Серікқызы оқырмандарға Тəуелсіз еліміздің 1991-2022 жылдар аралығындағы маңызды белестері туралы лекция оқыды.

«Менің елім – Қазақстан!» атты патриоттық кешпен жалғасқан апталықтың үшінші күнінде Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты №59, №56 жалпы орта білім беретін мектеп оқушылары əдеби композицилар орындап, патриоттық əн айтты.

Төртінші күні «Мен – Отанымның бақытты ұлымын!» тақырыбында мектеп оқушыларының қатысуымен сурет салу сайысы өтті. Аталған сайыс «Сан сұраққа саяхат», «Кім шапшаң, кім жылдам?», «Айырмашылығын тап», «Əріптері ауысқан сөздер», «Сурет салу», «Жұмбақ шешу» атты алты кезеңнен құралған. «Бояулар» жəне «Қарындаш» топтарының қатысуымен өткен сайыста «Бояулар» тобы жеңіске жетіп, алғыс хаттармен марапатталды.

Апталықтың қорытынды кешінде «Менің Отаным» атты мерекелік ертеңгілік ұйымдастырылып, балабақша бүлдіршіндері мен мектеп оқушыларының орындауында «Мен – елімінің патриотымын!» əдеби композициясы қойылды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Конституциялық сотқа тікелей жүгіну – конституциялық бақылау органының басты ерекшелігі
  • Заңмен тыйым салынған вейппен күрес тоқтамайды
  • Волонтерлер жемқорлыққа қарсы
  • Жүргізушіге қойылған талапты мопед иелері де сезінсе
  • Алаяқтықтың өте қауіптісі — интернет алаяқтық
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер