Абаттандыруы бөлекше Түркістан

Түркістан дамуында көптеген салада нақты істер атқарылып жатқаны жасырын емес. Соның бірі әрі бірегей жұмыс санатында шаһардағы абаттандыру жұмыстарын атауға болады.

Screenshot_10.jpg

Тіпті танымастай өзгеруі мен өркендеуінде осы абаттандыру қызметі бір әлем болып тұрғандай. олай болатыны 2022 жылға қала көлемінде абаттандыру жұмыстарын жүргізу үшін,  Жоспар бойынша Теле мұнара аумағында Тұран саябағы мен Қызылорда тас жолы аумағына гидрантты жүйемен су жүргізу, Қазыбек би көшесі мен Жарылқапов көшесі аралығын гидрантты жүйе жүргізу, Тұран саябағын абаттандыру, Төле би саябағын абаттандыру, Майкотов көшесі бойына (Шәуілдір тас жолынан Түркістан арена стадионы аумағының аралығы) желілік саябақ салу Денсаулық саябақ тары іске қосылған.  Сонымен қатар қосымша ретінде  І-ІІ мөлтек аудан, Отырар мөлтек ауданы ішін абаттандыру жұмыстары қолға алынған. Қазіргі уақытта, жалпы жұмыстың 90 пайызы орындалды. Саябақтар 30 жерге 225 га, сквер мен алеялар 15 жерге 13,6 га жерге орнатылды.

Енді бір мәселе осы қалаға қарасты тұрғын алқаптардың қажетті деп танылған аумақтарына 10 жерге  балалар ойын алаңшасы мен спорт алаңдары салынды . Сондай-ақ қаланың микроклиматын өзгерту және қала ішін суландыру жүйелерін жүргізу бойынша бірінші кезекте ирригациялық жүйелер жүргізілген.  Жалпы ирригациялық каналдардың ұзындығы 22,5 шақырымды құрайды.  Р-33 каналы Қазыбек би саябағынан Б.Саттарханов даңғылы аралығы 3,4 шақырым болса, Р-33,2 Керуен Сарай,Инфекциялық аурухана аралығы 2 кезең 6,1 шақырымды құраған. Өз кезегінде ботаникалық бақтан Шипа су аралығына дейін 4 шақырымды құраса,  Р-32,2 каналы Шекті Тілеу Жібек жолы көшесінің бойы 3,7 шақырым,  Құлан Ақын көшесі бойындағы ирригациялық канал 1,1 шақырым, Р-32 Батыс Қытай Батыс Европа автожолы бойы 3,1 шақырым. Р-32А Қалалық Емхана аумағы 1,1 шақырымға жеткен. 

Шаһардың жаңа бейнесін тіпті де салтанатты көрсетіп тұрған Б.Саттарханов даңғылы бойында орналасқан желілік саябақ, иирригациялық арықшалар, қазіргі таңда су қабылдауда. Қала ішіндегі көгалдарға және басқа да қажетті аумақтарға су апару үшін қажеттілігіне қарай Жасыл Түркістан мекемесі қызмет атқаруда. Осы тұрғыдан алып қарағанда киелі шаһарды көгалданыдырудың басты мақсаты: қатаң климаттын өзгерту мен қаланың эстетикалық  көрінісін жақсартып, экологиялық жағдайын жақсарту болып табылады. Жалпы қала ішінде 2022 жылға 6 нысан гидрантты және ирригациялық арықтар жұмыстары жүргізілуде. Қала көлемін жасыл желекке айналдыру үшін 6 кезеңге бөлінген қазіргі таңда 1 кезең 611 га , 2 кезең 622 га жерге гидарнтты суландыру жүйесі жұмыс жасап тұр. Қалған кезеңдерге суландыру жүйелері жүргізілуде.

Сондай-ақ КДЦ аумағына және Гүлдер саябағымен Сейхун көшесінің аралығына  гидарынтты жүйе жүргізу үшін эскиздік сызбалары дайын. Жоба құны 1 611 млн теңгені құрайды.  Қаланы көгалдандыру жұмыстары 2019 жылдан бастап үлкен қарқынмен жүріп келеді. Қазіргі уақытта жалпы қала аумағында ағаш көлемі 695 247 дана, көгал аумағы 2 560 000 ш.м, бұталар көлемі 311 856 дана, гүлдер аумағы 70 000 ш.м. болып отыр. Осының өзі шаһарды абаттандыру жұмыстарының қарқынды жүргізідліп жатқанын көрсетеді. 

Қаланың абаттандыруда келесі маңызды мәселелер ретінде 2022 жылдың күз мезгілінде көгалдандыру бойынша 130 мыңнан асатын түрлі интродукцияланған, климатқа төзімді ағаш көшеттерін отырғызу жоспарлануда.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Конституциялық сотқа тікелей жүгіну – конституциялық бақылау органының басты ерекшелігі
  • Заңмен тыйым салынған вейппен күрес тоқтамайды
  • Волонтерлер жемқорлыққа қарсы
  • Жүргізушіге қойылған талапты мопед иелері де сезінсе
  • Алаяқтықтың өте қауіптісі — интернет алаяқтық
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер